Сочилік «Утомлённые солнцем» КВН командасының әртісі Елена Рыбалко Адлерде көлік қағып, қаза тапты, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Әртістің қазасы туралы Халықаралық КВН қозғалысының баспасөз қызметі хабарлады.
«Елена Рыбалконың – „Утомлённые солнцем“ командасының жарқын, талантты мүшесінің қайғылы қазаға ұшырағанын зор күйзеліспен хабарлаймыз. Еленаның өмірден озуы – осы керемет жанды білгендердің барлығы үшін орны толмас қасірет. Осы қиын сәтте біз марқұмның туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасамыз», — делінген хабарламада.
SHOT телеграм-арнасының мәліметінше, 53 жастағы Елена Рыбалко жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтпек болған. Toyota көлігінің жүргізушісі тежегішті басып үлгермей, әйелді қағып кеткен.
Марқұмның жұбайы қайғылы оқиғаны растап, осындай ауыр сәтте отбасының мазасын алмауды сұрады. Рыбалко 2000 жылдардың басында Михаил Галустян және Александр Реввамен бірге «Утомлённые солнцем» командасының жұлдызы болды. 2003 жылы команда Жоғары лиганың чемпионы атанған.




