Тараз қаласындағы №40 гимназия аумағында 2 мамыр күні таңертең 10-сынып оқушысы ғимараттың сыртқы қабырғасындағы өрт сөндіру сатысының қоршауынан құлап, ауыр жарақат алды, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Зардап шеккен оқушы шұғыл түрде Тараз қаласындағы облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер оған мидың ошақты жарақатын, оң жақ санының сынуын, бұғанасының сынуын және ішкі органдарының жыртылуын анықтады. Жасөспірім реанимацияда жатыр, дәрігерлер оның жағдайын өте ауыр деп бағалауда.
Тараз қаласының Полиция басқармасы (ПБ) абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
Полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Тексеру нәтижесі бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес процессуалдық шешім қабылданады. Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне қатысты өзге ақпарат жария етуге жатпайды, – деді полицияда.
Алайда, БАҚ-та жасөспірімнің сатыдан жай құламай, өзіне қол жұмсамақ болған деген нұсқа бар.




