Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Трамп Иранмен келіссөз туралы: «Мен сөйлескен адамдардың көбі тірі емес»

Дональд Трамп Иранның жаңа басшылығымен келіссөз жүргізуге дайын. Ол бұрынғы келіссөзге қатысқан кейбір өкілдердің қазір тірі емес екенін айтты.

Авторы Мұхтар Жексенбай··1 мин оқу
Трамп Иранмен келіссөз туралы: «Мен сөйлескен адамдардың көбі тірі емес»

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның жаңа басшылығымен келіссөздер жүргізуге дайын екенін мәлімдеді. Ол бұл туралы The Atlantic басылымына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Трамптың айтуынша, Иран тарапы диалогқа мүдделі екенін білдірген және ол келіссөздерді өткізуге келісімін берген. Алайда ол бұл мәселені әлдеқайда ертерек шешуге болатынын, бірақ Тегеранның тым ұзақ созғанын атап өтті.

"Олар сөйлескісі келеді, мен келісім бердім, сондықтан келіссөздер өтеді. Олар мұны бұрынырақ істеуі керек еді. Өте оңай әрі тиімді шешуге болатын мәселені ертерек шеше алар еді. Олар тым ұзақ күтті", — деді Трамп.

Журналистің келіссөздердің нақты қашан басталатыны туралы сұрағына АҚШ президенті нақты жауап беруден бас тартты.

"Мұны айта алмаймын", — деп қысқа қайырды ол.

Сұхбат барысында Дональд Трамп таңғаларлық мәлімдеме жасады. Ол АҚШ-пен бұрын жұмыс істеген кейбір ирандық өкілдердің қазір тірі емес екенін меңзеді.

"Бұл адамдардың көпшілігі енді жоқ. Біз жұмыс істеген кейбір адамдар қазір өмірде емес, себебі бұл өте үлкен — аса үлкен соққы болды", — деді президент.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас материалдар

Трамп Иранмен келіссөз туралы: «Мен сөйлескен адамдардың көбі тірі емес» · Todayinfo