Түркістан облысының оқушысы әлемнің 36 беделді университетінен шақырту алды
Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Қапланбек ауыл округіндегі №7 Төле би атындағы жалпы білім беретін мектептің 11-сынып оқушысы Ақжүніс Атахан әлемнің ең үздік университеттерінен 36 шақырту алып, көпшіліктің назарын аудартты. Білім мен табандылықты қатар алып жүрген оқушы халықа

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Қапланбек ауыл округіндегі №7 Төле би атындағы жалпы білім беретін мектептің 11-сынып оқушысы Ақжүніс Атахан әлемнің ең үздік университеттерінен 36 шақырту алып, көпшіліктің назарын аудартты. Білім мен табандылықты қатар алып жүрген оқушы халықаралық деңгейде "Халықаралық қатынастар" мамандығын меңгеруді мақсат етеді,деп хабарлайды Todayinfo.
Ақжүніс Асылханқызы қазіргі таңда АҚШ (17 университет), БАӘ (5), Түркия (6), Малайзия (5), Канада (1) елдеріндегі университеттерден толық грантпен немесе стипендиямен оқуға шақырту алды. Әсіресе, Канададағы бір университет оған президенттік стипендиямен білім алуды ұсынған.
16 жастағы ауыл оқушысы бұл жетістікке табандылықпен ізденудің арқасында жеткен. Ол шетелдегі түрлі университеттерге құжат тапсырып, олардың барлығынан оң жауап алған.
Мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап үздіктер қатарында болған Ақжүніс білімге деген құштарлығымен ерекшеленіп келеді. Ол — өзінің мектебінен шетелдік университеттерден шақырту алған алғашқы оқушы. Бұл жетістік ауыл мектебіндегі өзге де оқушыларға үлгі мен мотивация беріп отыр.
«Білім алып, елімді танытып, ертең елге қызмет еткім келеді», – дейді Ақжүніс.
Ақжүніс тек шетелдік оқу орындардан шақырту алумен ғана шектелмей, Ұлттық бірыңғай тестілеуде 111 ұпай жинап, білім деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеді. Бұл көрсеткіш оның мектеп бағдарламасын да терең меңгергенін айғақтайды.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысын өткізді
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Государственный советник Ерлан Карин провел заседание Национальной комиссии Казахстана по делам ЮНЕСКО и ИСЕСКО
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Пенсионные деньги должны обеспечивать старость, а не решать текущие проблемы — финансист
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
«Медиацияға дайынбыз»: Freedom Finance ҚазТАГ-тан кінәсін ресми түрде мойындауды талап етті
Жаннұр Еділбаева·