Түркістан қаласында елу жастағы әйел құдыққа құлап кетті. Юсупов көшесінде орналасқан жеке тұрғын үй аумағында белгісіз жағдайларда тереңдігі шамамен 12 метр болатын суы бар құдыққа түсіп кеткен, деп хабарлайды Todayinfo.kz порталы.

1976 жылы туған әйелді аман алып қалуға ТЖД арайы құтқарушылары келді.

«Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ қызметкерлері құтқару жұмыстарын жүргізіп, зардап шегушіні құдықтан шығарып, жедел жәрдем бригадасына тапсырды», — деп жазды ведомствоның баспасөз қызметі.

Тұрғын ауыр жарақат алған, суға тұншығып қалған. Құдыққа құлап кеткен әйелдің не себепті бұндай қадамға барғаны анықталып жатыр.