Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Түркістандағы зияткерлік дода: «Senat Open» ІІІ шахмат кубогы басталды

Түркістан қаласында шахматтан «Senat Open» ІІІ ашық кубогының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Турнирге мәслихат депутаттары мен мемлекеттік қызметшілер қатысуда.

Авторы Todayinfo редакциясы··1 мин оқу
Түркістандағы зияткерлік дода: «Senat Open» ІІІ шахмат кубогы басталды

Бүгін Түркістан қаласында шахматтан «Senat Open» ІІІ ашық кубогының салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі. Зияткерлік дода Түркістан облыстық мәслихатының ұйымдастыруымен, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының және Қазақстан Республикасы Шахмат федерациясының қолдауымен өтуде.

Турнирде облыстық, аудандық және қалалық мәслихат депутаттары, мемлекеттік қызметшілер, қоғам белсенділері мен БАҚ өкілдері бақ сынамақ.

Салтанатты шараға арнайы қатысып, қатысушыларды турнирдің ашылуымен құттықтадым.

Бұл турнир – еліміздегі спорт саласының дамуына маңызды үлес қосуда. Биыл үшінші рет турнир өтіп, облысымыз белсенді қатысып келеді. Жалпы, шахмат ойыны өзінің тереңдігімен ерекшеленетін және адамның ақыл-ойы мен шығармашылық қабілетін дамытатын спорт түрі.

Сондықтан, бұл дода – шахматты насихаттауға, ұрпақтар жалғастығын дәріптеуге, жастарды спортқа тартуға және еліміздің зияткерлік әлеуетін дамытуға зор үлес қосатыны сөзсіз.

Айта кетерлігі, «Senat Open» турнирі үш кезеңнен тұрады. Алдымен барлық өңірлерде іріктеу турлары ұйымдастырылып, үздік шыққан қатысушылар аймақаралық жартылай финалда бақ сынайды. Ал жеңімпаздар республикалық финалдық кезеңге жолдама алады.

Ұқсас материалдар