Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Туыстар чатына тараған соңғы сурет: ұшақ апатынан бір отбасы түгел мерт болды

Үндістанда болған жантүршігерлік әуе апатынан бір отбасы түгелдей қаза тапты, деп хабарлайды Todayinfo. Ұлыбританияда дәрігер болып істейтін Пратик Жошы мен әйелі Коми Вьяс және олардың 3 баласы опат болды. Пратик Жошы алты жылдан бері Лондонда дәрігер болып жұмыс істеген. Ол Үнд

Авторы Жаннұр Еділбаева··1 мин оқу
Туыстар чатына тараған соңғы сурет: ұшақ апатынан бір отбасы түгел мерт болды
Үндістанда болған жантүршігерлік әуе апатынан бір отбасы түгелдей қаза тапты, деп хабарлайды Todayinfo. Ұлыбританияда дәрігер болып істейтін Пратик Жошы мен әйелі Коми Вьяс және олардың 3 баласы опат болды. Пратик Жошы алты жылдан бері Лондонда дәрігер болып жұмыс істеген. Ол Үндістанда қалған әйелі, дәрігер Коми Вьясты балаларымен бірге Ұлыбританияға көшіріп алып кетпек болып еліне оралған екен. Олар да 241 адамның өмірін жалмаған апатқа ұшыраған ұшақта отырған. Олар соңғы рет бірге фотоға түсіп, оны туыстарына жіберген. Еске салайық, 12 маусымда Air India әуе компаниясының Ахмедабадтан Лондонға бағыт алған ұшағы әуеге көтерілгеннен кейін 30 секунд өткен соң апатқа ұшырады. Ұшақ бортында 242 адам болған, олардың қатарында 169 Үндістан азаматы, 53 британдық, 7 португалиялық және 1 канадалық азамат болған. Олардың арасында 40 жастағы Ұлыбритания азаматы Вишваш Кумар Рамеш қана тірі қалған.

Ұқсас материалдар

Туыстар чатына тараған соңғы сурет: ұшақ апатынан бір отбасы түгел мерт болды · Todayinfo