Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) 1 мамырдан бастап Мұнай экспорттаушы елдер ұйымынан (ОПЕК) шығатынын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Бұл шешім Парсы шығанағындағы ірі мұнай өндіруші елдің өндірістік қуатын арттыруға ұмтылысымен байланысты. Сонымен қатар, Иранға қарсы соғыс әрекеттері Ормуз бұғазындағы кеме қатынасын бұзып, әлемдік мұнай нарығындағы тұрақсыздықты күшейтті.
Сарапшылардың пікірінше, БАӘ-нің ОПЕК-тен шығуы мұнай бағасына елеулі әсер етуі мүмкін. Аль-Джазира тілшісі Марах Райанның түсіндіруінше, бұл қадам әлемдік энергетикалық нарықта жаңа теңгерім іздеуге мәжбүр етеді.




