«Үш бет арыз жазған»: Мектеп директоры ата-аналармен жұмыстағы қиындық жайлы айтты
Желіде мектеп директоры болып жұмыс істейтін маманның видеосы тарады. Ол әзіл-шыны аралас оқушылардың ата-аналырмен жұмыс істеу қиын екенін айтты,деп хабарлайды Todayinfo. 2023–2024 оқу жылы мен үшін ерекше басталды. Тамыз айының 30-ы күні директорлық қызметке ресми бұйрық шықты.

Желіде мектеп директоры болып жұмыс істейтін маманның видеосы тарады. Ол әзіл-шыны аралас оқушылардың ата-аналырмен жұмыс істеу қиын екенін айтты,деп хабарлайды Todayinfo.
2023–2024 оқу жылы мен үшін ерекше басталды. Тамыз айының 30-ы күні директорлық қызметке ресми бұйрық шықты. Ал қыркүйектің 4-інен бастап жұмысқа кірістім. Бұл — менің алғашқы тәжірибем, бұған дейін мектеп басқару саласында жұмыс істеп көрмеген едім. Жаңадан келген басшы ретінде біраз қиындықтарға тап болатынымды іштей сезіп тұрдым.
Қиын ата-анамен кездескен алғашқы жағдай
Директор болып алғаш келген күндері-ақ ата-аналар тарапынан түрлі шағымдар келе бастады. Бір күні бір ата-ананың атына жазылған үш беттен тұратын арыз келіп түсті. Алғашында қобалжып, тіпті өз-өзіме сенімсіздік туындады. Бұрынғы директорыммен сөйлесіп, кеңес сұрадым. Ол кісі: «Сен мықтысың, бірақ бұл ата-анамен жұмыс істеу оңай болмайды. Бұл кісімен біраз "жерге барып келдік"», – деді. Сол сәтте өзіме: "Мен қайда келдім?" деген сұрақ қойдым.
Диалог пен сенім — басты құрал
Аталған ата-ананың баласы осы мектепте сегіз жыл оқыған екен. Кейін белгілі болғандай, бұл бала жазуға, шағымдануға бейім болыпты. Ата-анамен тікелей сөйлесуді жөн көрдім. Ойымда тек бір ғана тәсіл болды — ашық әңгіме. Себебі, бұл жағдайды басқа жолмен шешу мүмкін емес еді.
Шәй үстіндегі түсіністік
Ата-ананы мектепке арнайы шақырып, кәдімгі үйдегідей дастархан жайып, шәй ұсындым. Әңгіме барысында байқағаным, телефон арқылы жазба жіберіп жүрген адам мен шынайы адам — мүлде екі түрлі. Ашық сөйлесіп, жай-күйін сұрадым. Кей сәттерде әзіл қосып, «Сіз сұлусыз ба өзі?» деп те айттым. Әңгіме шынайы, жылы жүріп жатты. Бір кезде «Менің төрт балам бар» деп қалдым. Ол кісі де күліп: «Иә, мен де бала-шағам бар адаммын ғой», – деп жылы жауап қайтарды.
Қорытынды: әр бала үшін ортақ мүдде
Бұл кездесуден соң ол ата-ана мектепке деген көзқарасын өзгертті. Өзара түсіністік пайда болды. Бұл — мектеп пен ата-ананың ортақ мақсатқа, яғни бала болашағына бағытталған күш-жігерінің көрінісі.
Мұндай сәттер мен үшін үлкен өмірлік сабақ. Директор болу — тек әкімшілік қызмет емес, бұл — жан дүниені түсіну, тыңдау және әр адамның ішкі әлеміне үңілу.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысын өткізді
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Государственный советник Ерлан Карин провел заседание Национальной комиссии Казахстана по делам ЮНЕСКО и ИСЕСКО
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Пенсионные деньги должны обеспечивать старость, а не решать текущие проблемы — финансист
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
«Медиацияға дайынбыз»: Freedom Finance ҚазТАГ-тан кінәсін ресми түрде мойындауды талап етті
Жаннұр Еділбаева·