Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Ұлықпан Жолдасов шашын неге қысқартпайтынын түсіндірді

Белгілі әнші Ұлықпан Жолдасов «КешREC» бағдарламасына берген сұхбатында көпшілікті қызықтыратын имиджі туралы сыр бөлісті. Журналист қойған «Имиджіңізді өзгерткіңіз келмей ме?» деген сұраққа өнер иесі өзінің сырт келбеті мен өткеніне қатысты шынайы жауап берді, Бұл туралы Todayin

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
Ұлықпан Жолдасов шашын неге қысқартпайтынын түсіндірді
Белгілі әнші Ұлықпан Жолдасов «КешREC» бағдарламасына берген сұхбатында көпшілікті қызықтыратын имиджі туралы сыр бөлісті. Журналист қойған «Имиджіңізді өзгерткіңіз келмей ме?» деген сұраққа өнер иесі өзінің сырт келбеті мен өткеніне қатысты шынайы жауап берді, Бұл туралы Todayinfo.kz ақпарат агенттігі жазды. Ұлықпан Жолдасов бала күнінде желке тұсында алақан көлеміндей ақ қал пайда болғанын айтты. Бұл ерекшелік оның шаш үлгісіне тікелей әсер еткен.
«Онсыз да шашым түсіп барады. Жақында толық түсіп қалуы мүмкін. Имидж ауыстырудың қажеті шамалы. Мойнымда қалдан қалған дақ бар. Шешем бір күні ауылдағы көріпкел Аюп деген кісіге барған. Сол кісі анама: “Сенің балаңның мойнында ақ қал бар. Болса, жеті мүшесінің бірі кем болады, бірақ аман қалады. Болмаса – қауіп бар”, – деген екен. Үйге келіп қараса, менің желкемде сол қал шынымен болған», – деді әнші.
Осыдан кейін анасы қалдың орнын күн сайын сиямен сызған. Біраз уақыттан соң қал орны қарайып, біртіндеп жоқ болған. Бірақ одан қалған із бүгінде байқалады. Әнші шашын дәл осы ізді жасыру үшін өсіріп жүргенін айтады. Ұлықпан Жолдасов 3-сыныпта қолын сындырып алған. Бұл жарақат кейіннен оның денсаулығына әсер етіп, қолы толық бүгілмей қалған. Соған қарамастан ол әскери қызметке барып, медициналық тексерістен өту үшін белгілі бір қулыққа барғанын жасырмады.
«Қолым бүгілмейді. Бірақ соған қарамастан әскерге барып келдім. Медициналық тексерісте хирургке ақша беруге мәжбүр болдым. Қолым қисық, қысқарып қалған. Бірақ жасырдым», – дейді ол.
   
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от «Хабар» телеарнасы (@khabartv)

Ұқсас материалдар

Ұлықпан Жолдасов шашын неге қысқартпайтынын түсіндірді · Todayinfo