Todayinfo.kz
Ұлытау облысыБарлық жазбаларды қарау

Ұлытау облысында «Таза Қазақстан» акциясы аясында 1550 ағаш отырғызылды

Ұлытау облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Жошы хан тарихи-мәдени кешенінің аумағына ерекше көңіл бөлініп, 510 жас ағаш отырғызылды. Бір күнде облыста 1550 көшет, оның ішінде Жезқазған қаласында 275 ағаш отырғызылды.

Авторы Жаннұр Еділбаева··2 мин оқу
Ұлытау облысында «Таза Қазақстан» акциясы аясында 1550 ағаш отырғызылды
Ұлытау облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Жошы хан тарихи-мәдени кешенінің аумағына ерекше көңіл бөлініп, 510 жас ағаш отырғызылды. Бір күнде облыста 1550 көшет, оның ішінде Жезқазған қаласында 275 ағаш отырғызылды. Сонымен қатар, Жошы хан кешенін абаттандыру өңірдің маңызды тарихи нысаны ретінде акцияның негізгі бағыты болды. Кешен аумағын көгалдандыру оның эстетикалық келбетін сақтауға, туристік тартымдылығын дамытуға және келушілер үшін қолайлы орта құруға бағытталған. Жалпы өңірде абаттандыру жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда: жыл басынан бері 20 мыңнан астам адам қатысқан 7 сенбілік өткізіліп, 2749,9 тонна қоқыс шығарылып, 700,7 гектар аумақ тазартылып, 10 мыңнан астам ағаш отырғызылды.

Ұқсас материалдар

Ұлытау облысында «Таза Қазақстан» акциясы аясында 1550 ағаш отырғызылды · Todayinfo