Ұлытаудағы «Қазақмыс» кенішінде тағы бір кенші қаза тапты
Ұлытау облысындағы «Қазақмыс» компаниясына қарасты Шығыс-Жезқазған кенішінде жазатайым оқиға орын алып, 1994 жылы туған жұмысшы қайтыс болды, деп хабарлайды Todayinfo. Ресми ақпаратқа сәйкес, №57 шахтада тауарлық-материалдық құндылықтарды түсіру кезінде кенші жүк оқпаны ала

Ұлытау облысындағы «Қазақмыс» компаниясына қарасты Шығыс-Жезқазған кенішінде жазатайым оқиға орын алып, 1994 жылы туған жұмысшы қайтыс болды, деп хабарлайды Todayinfo.
Ресми ақпаратқа сәйкес, №57 шахтада тауарлық-материалдық құндылықтарды түсіру кезінде кенші жүк оқпаны алаңындағы саңылауға құлап кеткен.
«Алған жарақаттарының салдарынан жұмысшы оқиға орнында көз жұмды. Оқиғаның мән-жайы мен себебі анықталуда, жазатайым оқиғаны тергеу бойынша арнайы комиссия құрылды», – делінген «Қазақмыс» компаниясының хабарламасында.
«Қазақмыс» басшылығы мен ұжымы марқұмның жақындарына көңіл айтты.
"Қаза тапқан жұмыскердің отбасына ұжымдық шартта қарастырылған барлық қажетті көмек көрсетіледі, оның ішінде жерлеу шығындары да кіреді", – делінген хабарламада.
Ұқсас материалдар

Өзгекті жазбалар
Прокуратура Ақбаян Мұқанғалиеваға жүргізілген психиатриялық сараптаманың қорытындысын жариялады
Айдар Керім·

Өзгекті жазбалар
Ыстық бұлақтың басына көмген: Шонжыда 29 жастағы жігітті өлтіріп кетті
Айдар Керім·

Өзгекті жазбалар
Шайдоровтың шырылы : министрлік жалақысыз қалған чемпион жайлы шындықты мойындады (ВИДЕО)
Айдар Керім·

Өзгекті жазбалар
Шырқыраған Шайдоров: Олимпиада чемпионы жарты жылдай жалақы алмаған
Айдар Керім·