АҚШ президенті Дональд Трамп Конгреске Американың Иранға қарсы әскери іс-қимылдары «тоқтатылғандықтан», оған заң шығарушылардың соғысты мақұлдауы үшін заңмен белгіленген 60 күндік мерзімді сақтаудың қажеті жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Иранмен соғыс 28 ақпанда басталған болатын. Трамп 2 наурыздағы хатында Конгресс мүшелеріне әскери қимылдардың басталғаны туралы ресми түрде хабарлап, 60 күндік мерзімді іске қосқан еді. Бұл мерзім 1 мамырда аяқталды.
Конгреске Иранға соққы берілгені туралы ресми хабарламадан кейінгі 60-шы күні Трамп заң шығарушыларға былай деп жазды:
«2026 жылдың 7 сәуірінен бастап АҚШ пен Иранның қарулы күштері арасында атыс болған жоқ. 2026 жылдың 28 ақпанында басталған ұрыс-қимылдары тоқтатылды».
Иран билігі болса, екі ел арасындағы соғыс қимылдарының қайта басталуын «ықтимал» сценарий деп санайды. Иранның мемлекеттік БАҚ-тары Пәкістанның арағайындығымен АҚШ-пен келіссөздер жүргізу туралы жаңа ұсыныс жолданғанын хабарлады.
Бұл жаңалықтан кейін Иранның Ормуз бұғазын жабуынан кейін күрт өскен мұнайдың әлемдік бағасы төмендеді. АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның ұсынысына жауап ретінде «олардың ұсынып отырғанына қанағаттанбайтынын» мәлімдеді.




