Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Владимир Зеленский мұсылман сарбаздармен бірге ауызашарға қатысты

Украина президенті Владимир Зеленский Рамазан айының құрметіне өткен ауызашарға қатысып, елдің мұсылман сарбаздарын марапаттады, деп хабарлайды todayinfo.kz Іс-шараға әскери қызметкерлер, діни қауым өкілдері, шетелдік дипломаттар, сондай-ақ Киевке келген Түркияның сауда министрі

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
Владимир Зеленский мұсылман сарбаздармен бірге ауызашарға қатысты
Украина президенті Владимир Зеленский Рамазан айының құрметіне өткен ауызашарға қатысып, елдің мұсылман сарбаздарын марапаттады, деп хабарлайды todayinfo.kz Іс-шараға әскери қызметкерлер, діни қауым өкілдері, шетелдік дипломаттар, сондай-ақ Киевке келген Түркияның сауда министрі Өмер Болат пен ауыл және орман шаруашылығы министрі Ибрагим Юмаклы қатысты. Украина сарбаздарына мемлекеттік наградалар берілді «Золотая Звезда» ордені – Донецк облысындағы ұрыстарда қаза тапқан Дилявер Сейтхалилиевтің отбасына табысталды. Сондай-ақ, Богдан Хмельницкий, «За мужество», Даниил Галицкий ордендері және «Украинаға әскери қызметі үшін» медальдері берілді. Ифтар кезінде қатысушылар соғыс кезінде қираған мешіттер мен діни орталықтар туралы көрмемен танысты. Іс-шара өткен жылы Ресейдің дрон шабуылынан зардап шеккен ғимаратта өтті.  

Ұқсас материалдар

Владимир Зеленский мұсылман сарбаздармен бірге ауызашарға қатысты · Todayinfo