Todayinfo.kz
Жаңалықтар

Ауа райы болжамы: 28-30 сәуірде Қазақстанда не күтіп тұр?

Синоптиктер 28-30 сәуір аралығындағы ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Авторы Мұхтар Жексенбай··2 мин оқу
Ауа райы болжамы: 28-30 сәуірде Қазақстанда не күтіп тұр?
📷 Дереккөз: inbusiness.kz

Синоптиктер 28-30 сәуір аралығындағы ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Республиканың басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады: найзағайлы жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-шығыстағы таулы аймақтарда түнде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын болжанады.

«Кейбір аудандарда бұршақ және қатты жел соғуы мүмкін, түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік және орталық облыстарда бүкіл кезең бойы ашық ауа райы сақталады. Оңтүстік облыстарда 28-29 сәуірде, шығыс облыстарда 29-30 сәуірде жауын-шашынсыз болады. Оңтүстік-батыс пен оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі», – делінген хабарламада.

Синоптиктердің мәліметінше, батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста, 28-29 сәуірде орталықта түнде 3°C-қа дейін аяз болады. Күндіз ауа температурасы біртіндеп жылынады: батыста +15+20°C, солтүстік-батыста +17+25°C, солтүстікте +21+26°C, орталықта +21+30°C, шығыста +19+27°C, оңтүстікте +25+34°C, оңтүстік-шығыста +22+27°C.

Ұқсас материалдар