Универсиада: Софья Самоделкина қола жүлде жеңіп алды
Софья Самоделкина қысқы Универсиаданың қола жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы. Италияда өтіп жатқан XXXII қысқы Универсиадада кезекті жүлде қоржынымызға түсті. Мәнерлеп сырғанаудан әйелдер бәсекесінде сынға түскен Софья Самоделкина қола жүлде иеленд

Софья Самоделкина қысқы Универсиаданың қола жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
Италияда өтіп жатқан XXXII қысқы Универсиадада кезекті жүлде қоржынымызға түсті.
Мәнерлеп сырғанаудан әйелдер бәсекесінде сынға түскен Софья Самоделкина қола жүлде иеленді.
Әйелдер арасындағы жарыстың нәтижелері:
🇯🇵 Рион Симиоши - 204.29 ұпай
🇯🇵 Моне Чиба - 203.85 ұпай
🇰🇿 Софья Самоделкина - 190.96 ұпай.
Бұл мәнерлеп сырғанаудан қысқы Универсиада тарихындағы екінші медаль. Бұған дейін 2019 жылы Елизабет Тұрсынбаева күміс жүлдені алған.
Ал ерлер сайысында Михаил Шайдоров екінші қысқы Универсиадасында да 4-орынға тұрақтап, жүлдеге сәл ғана жетпей қалды.
Ерлер арасындағы жарыстың нәтижелері
🇯🇵 Юма Кагияма - 289.04 ұпай
🇮🇹 Даниэль Грассль - 280.56 ұпай
🇰🇷 Ча Чун-хван - 264.94 ұпай
🇰🇿 Михаил Шайдоров - 260.15 ұпай
Ұқсас материалдар

Спорт
36,4 млн теңге табыс: Бибісара Асаубаева Норвегиядағы додада топ жарды
Айғаным Нариманова·

Спорт
Қордайда жантүршігерлік жол апатынан 1 адам көз жұмды
Айғаным Нариманова·

Спорт
Александр Винокуров Рим Папасына Қазақстан велоспорт құрамасының жейдесін сыйға тартты
Айғаным Нариманова·

Спорт
«Текстің мәтіні бірдей»: журналист Спорт министрлігін Олимпиада чемпионына қарсы блогерлерді жалдағанын айтып, сынады
Айғаным Нариманова·