«Зерделі» ақыл-ойды дамыту орталығы қазіргі таңда білім беру саласында жылдам дамып келе жатқан Қазақстандағы ең ірі компаниялардың бірі. Оның еліміздің жиырма қаласында 59 орталығы және 9 мектебі бар. Орталық 2014 жылы ашылған, нарықта 12 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеді. О
«Зерделі» ақыл-ойды дамыту орталығы қазіргі таңда білім беру саласында жылдам дамып келе жатқан Қазақстандағы ең ірі компаниялардың бірі. Оның еліміздің жиырма қаласында 59 орталығы және 9 мектебі бар. Орталық 2014 жылы ашылған, нарықта 12 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеді.

Орталықтың негізін қалаушы Рысбек Мәуіттің айтуынша, орталықтың басты мақсаты қазақ балаларының қарым-қабілеті мен талантын ашу.
«Алдымен оқушыларға Назарбаев Зитяткерлік мектептеріне, республикалық физика-математика мектебі дайындықтан бастадық. Одан кейін біздің «Алтын тұғыр», «Алтын түлек» және «Алтын сақа» деген үш үлкен олимпиадамыз бар. Кейін ҰБТ-дан орталықтар ашылды, оған қоса шетелге оқуға түсуге дайындайтын курстар мен кіші сыныптағы оқушыларға арналған мектептер желісі де қатарға қосылды. Осының бәрі орталықтың беделін көтеріп, біздің Қазақстан бойынша танылуымызға жол ашты», - дейді ол.
«Зерделінің» топ-менеджері Әрін Қайсаұлы компания Астана мен еліміз бойынша ҰБТ-ға дайындау деңгейі жоғары болғандықтан, үлкен сұранысқа ие екенін айтады.
«Себебі орталық соңғы екі жылда Қазақстан бойынша 140- тан 140 шығарған жалғыз орталық болып есептелеміз.Біздің басты ерекшелігіміз «Зерделідегі» атмосфера арқылы оқуға түсу процесін барынша жеңілдетіп көрсету.Екіншіден, баланың мақсаты ҰБТ- мен бітіп қалмауы керек, оқушының балына емес, болашағы үшін жұмыс істейміз. Сондықтан, баланы тұлға ретінде қалыптастыруға ұмтыламыз, оған арнайы дайындалған кітап-құрал қоры бар. Тегін профориентациялық көмек көрсетіледі. Балаға табиғатына сай, қалауымен мамандық таңдауына жол көрсетіп, жөн сілтейміз. Сондай-ақ мұнда адаммен коммуникация орнатуға арналған көп іс-шаралар өтеді. Пикник, куиздер және т.б. Себебі, болашақта балалар жоғары оқу орнына түскен кезде, студент болған кезінде көзге түсу керек, оны білу керек. Сол себепті қазірден бастап тұлға ретінде ашылу керек. Соған тәрбиелейміз», - дейді Әрін Қайсаұлы.

Сонымен қатар ол орталық үшін басты көрсеткіш сапа, ол болмаса сенім де, нәтиже де жоқ екенін айтады.
«Осы көрсеткіштендің арқасында бүгінгі таңда жоғары сұранысқа ие болып отырмыз.Біздің көрсеткіштерге келсек, 2021 жылы біздің оқушылардың 78%-ы, 2022 жылы 85%-ы, 2023 жылы 91%-ы, 2024 жылы 94%-ы, 2025 жылы 95%-ы грант жеңіп алды. Көрсеткіштің жыл өткен сайын артуы орталықтағы жұмысты жүйелі, дұрыс жүргізіліп жатқанын көрсетеді. ҰБТ нәтижелеріне келер болсақ, 134-138 ұпай аралығында және абсолютті 140 балл алудан алдымызға жан салмай келе жатырмыз. Қаңтардағы ҰБТ көрсеткіші де жоғары. Ең жоғары 137 ұпай бізде тіркелді», - дейді орталық директоры.
Әрін Қайсаұлының айтуынша, осындай жоғары ұпайға қол жеткізу үшін орталық мамандары оқушыларды әрдайым ынталандырып отырады.
«140 ұпай жинағандарға Zeekr автокөлігі беріледі. Алдыңғы жылы бір оқушымыз осы көлікке қол жеткізген болатын. Оған қоса, ай сайын үздіктерді марапаттаймыз. Үнемі үздік шығатындарға «Зерделі» стипендиясы мен грантын, ақшалай сыйлықтар беріп отырамыз. Мектеп бітірген оқушыларға Дубайға жолдама береміз. Алдыңғы жылы үш жүздей оқушы Дубайға барып келді, Әрине, мұндай сапарлар жас түлектердің ойлау көкжиегінің кеңейіп, санасының өсуіне ықпал етеді. Одан бөлек арнайы смартфон, гаджеттерді ойнатамыз.Балаға осының бәрі қызық, үлкен шабыт сыйлап, үлкен белестерді бағындыруға күш береді», - дейді ол.