Зеленский: бейбіт жоспар референдумға шығуы мүмкін, ал атысты тоқтатуға кемі 60 күн болуы керек
Зеленский 20 тармақты бейбіт жоспар референдумға шығуы мүмкін екенін айтты. Негізгі шарт — атысты кемі 60 күнге тоқтату.

Украина президенті Владимир Зеленский Axios порталына берген сұхбатында қауіпсіздік кепілдіктері мен ықтимал бейбіт келісімнің шарттары туралы бірнеше маңызды мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, қоғамның пікірін ескерудің өзі де келіссөздердің ажырамас бөлігі болуы мүмкін.
Бұл туралы Todayinfo порталы хабарлайды.
Зеленскийдің сөзінше, АҚШ Украинаны 15 жыл мерзімге қауіпсіздік кепілдіктерімен қамтамасыз етуге дайын. Дегенмен ол мұндай кепілдіктердің мерзімі бұдан да ұзақ болғанын қалайтынын айтты.
Сұхбатта 20 тармақтан тұратын бейбіт жоспар да қозғалды. Зеленский бұл жоспарды талқылау Украина ішінде жалпыхалықтық референдумға шығарылуы мүмкін екенін жеткізді.
Ұқсас материалдар

Саясат
«Әділет» партиясының тізімі жарияланды
Айдар Керім·

Саясат
Қытай Қазақстан экономикасына 30 млрд доллардан астам инвестиция салды - Тоқаев
Айғаным Нариманова·

Саясат
Трамп халыққа шұғыл үндеу жасайтынын мәлімдеді
Айғаным Нариманова·

Саясат
Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әміріне және оның әулетіне көңіл айту үшін Дохаға барды
Айғаным Нариманова·