АҚШ-тағы Fox News телеарнасы Украина президенті Владимир Зеленскиймен өткен жексенбіде Флоридада жазылған 13 минуттық сұхбатты жариялады. Ол онда Дональд Трамппен болған келіссөздерден кейін қандай ымыра ұсынылғанын түсіндірді.
Ресми ақпаратқа сәйкес, соғысты тоқтатуға бағытталған келісімде екі маңызды мәселе әлі шешілмеген. Соның бірі – даулы аумақтар жайы.
Бұл туралы Todayinfo.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Біз өз тарапымыздан ымыраға келу жолын ұсындық. Мысалы, егер Донбаста еркін экономикалық аймақ құрылатын болса, Украина белгілі бір қашықтыққа шегінеді де, Ресей де сондай аумақтан шегінуі тиіс", – деді Зеленский.
Оның айтуынша, мұндай аумақтың өз ережелері болады. Бұл қадам халықтың келісімін қажет етеді. "Экономикалық аймақ немесе оған ұқсас шешім болса, оны халық референдум арқылы қолдай ма, жоқ па – сол шешеді", – деді ол.
Донбасстан әскер шығару қаншалықты қабылдануы мүмкін?
Зеленский Украина халқының Донбастағы әскери бақылаудан толығымен бас тартуға қарсы екенін атап өтті. "Біз халық қабылдамайтын шешімді референдумға шығарайық деу – ақымақтық", – деді ол.
Оның сөзінше, басты міндет – бүкіл ұлтқа бейбіт өмірді қамтамасыз ететін жол табу.
"Бейбіт келісім тек халықаралық серіктестер үшін емес, ел ішіндегі келісім үшін де маңызды. Біз нақты шешімге келуіміз керек", – деді Зеленский.




