Украина президенті Владимир Зеленский Жаңа жылға орай халқына үндеу жасап, еліндегі соғыс туралы ашық айтты.
Ол Украина бейбітшілікті көксейтінін, бірақ бұл жолда елдің тәуелсіздігі құрбан болмайтынын баса жеткізді.
Бұл туралы Todayinfo.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
«Украина не қалайды? Бейбітшілік пе? Иә. Кез келген бағамен бе? Жоқ. Біз соғыстың аяқталғанын қалаймыз, Украина жоғалсын демейміз. Шаршадық па? Иә, қатты. Бірақ бұл берілеміз деген сөз емес», – деді Зеленский.
Мемлекет басшысы өткен жылы АҚШ президенті Дональд Трампқа Украинасыз ешқандай маңызды шешім қабылданбайтынын түсіндіру оңай болмағанын мойындады.
Зеленский не үшін АҚШ-қа месседж жолдады?
Президенттің айтуынша, Украина халықаралық аренада өз орнын қорғап шықты. «Біз өз дауысымызды сақтап қалдық. Украина өзін сыйлайды, сондықтан өзгелер де құрметпен қарай бастады», – деді ол.
Зеленскийдің бұл мәлімдемелері ел ішінде ғана емес, шетелдік сарапшылар арасында да қызу талқылануда. Себебі Украина дағдарысы әлемдік тұрақтылыққа тікелей әсер етеді.




