«Жабайылық»: Қазақстандық туристер Ташкентте зообақтағы страусты қорлаған
Әлеуметтік желілерде Өзбекстандағы хайуанаттар бағында бірнеше адамның страусқа әлімжеттік жасап жатқан видеосы кеңінен тарады. Бұл бейнежазба көрші елдің қоғамында қызу талқыланып, көпшіліктің ашу-ызасын тудырған, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Видеодан бірн

Әлеуметтік желілерде Өзбекстандағы хайуанаттар бағында бірнеше адамның страусқа әлімжеттік жасап жатқан видеосы кеңінен тарады. Бұл бейнежазба көрші елдің қоғамында қызу талқыланып, көпшіліктің ашу-ызасын тудырған, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Видеодан бірнеше саяхатшының алдымен құстың аузына су құйылған бөтелкені тықпақ болғанын байқау қиын емес. Кейін тағы бір турист страустың мойнынан ұстап, өзіне қарай тартып жіберген. Мұнан құстың мойны бұралып кеткен. Осы іс-әрекеттерден кейін старус қатты үрейленіп қаша жөнеледі.
Бейнежазбаның нақты қай уақытта түсірілгені әзірге белгісіз. Әлеуметтік желі қолданушылары туристерді анықтап, оларды жауапкершілікке тартуды талап етуде. Куәгерлер бұл топты Қазақстаннан келген туристер деп сипаттаған, бірақ олардың нақты кім екені ресми түрде дәлелденбей отыр.
Қазірге дейін билік органдары немесе зообақ әкімшілігі тарапынан толық қорытынды жарияланбады.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Қазақстандық аграршылар табысы жоғары дақылдарға басымдық беріп отыр
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Танымал журналист Мемлекет басшысының жетістіктерін атап өтті
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты бірінші сот отырысы кейінге қалдырылды
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Добывали песок со дна Тобола на 719 млн тенге: дело передали в суд
Жаннұр Еділбаева·