«Әкемнің жағдайы ауыр, бірақ ол қамауда отыр. Ол адамдарды танымай қалды, себебі ұстама болды. Ұстамадан кейін рөлді ұстап қала алмады, қасында анам отырған. Бәрі әп-сәтте орын алды – бұл үлкен трагедия. Біз қайғыға ортақтасамыз. Кешірім сұраймыз», – деді жүргізушінің ұлы Ерқанат Серікұлы «7-арнаға».Еске салайық, 19 тамызда Бестерек ауылында үй маңында ойнап жүрген балаларды көлік қағып кеткен болатын. Үш бала – жасы 2 мен 7 аралығында – қаза тапты, тағы үшеуі 6-9 жас аралығында жарақат алды. Қаза тапқандардың екеуі басқа ауданнан әжесі мен атасына қонаққа келген. 20 тамызда жараланған екі бала санавиация арқылы Астанаға жеткізілді. Ал жағдайы тұрақсыз болған тағы бір қыз облыстық ауруханада қалдырылды. Фото: видео скриншот
Жағдайы ауыр: Бестеректегі қайғылы апаттан кейін күдікті адамдарды танымай қалған
Абай облысының Бестерек ауылында балаларды қағып кеткен көлік жүргізушісінің ұлы әкесінің жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Оның сөзінше, әкесі ұстамадан кейін адамдарды танымай қалған. Белгілі болғандай, 55 жастағы ауыл тұрғыны 20 жылдан

Абай облысының Бестерек ауылында балаларды қағып кеткен көлік жүргізушісінің ұлы әкесінің жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Оның сөзінше, әкесі ұстамадан кейін адамдарды танымай қалған.
Белгілі болғандай, 55 жастағы ауыл тұрғыны 20 жылдан астам уақыт автобус жүргізушісі болып еңбек еткен. Қайғылы оқиға болған күні оған ұстама келген, соның салдарынан рөлді ұстап қала алмаған.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
«Асыл бесік – Ақсуат» фестивалі тоғызқұмалақ турнирімен басталды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Казахстан готовится войти в научную программу ЕС
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Идея справедливости находит широкую поддержку в обществе — председатель партии «Әділет» Айбек Дадебай
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
«Әділдік идеясы қоғамда барған сайын кең қолдау тауып келеді» – «Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай
Жаннұр Еділбаева·