Жамбыл облысы Әділет департаменті бастығының орынбасары ұсталды
Фото: Жамбыл облысының әділет департаменті Бауыржан Шамгунов жеке сот орындаушыларының қызметінде анықталған заңбұзушылықтарды жасырып отыру үшін олардан ақша алған, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі kazinform -ға сілтеме жасап. Бауыржан Шамгунов еңбек жолын Жамбыл об

Фото: Жамбыл облысының әділет департаменті
Бауыржан Шамгунов жеке сот орындаушыларының қызметінде анықталған заңбұзушылықтарды жасырып отыру үшін олардан ақша алған, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі kazinform-ға сілтеме жасап.
Бауыржан Шамгунов еңбек жолын Жамбыл облысы Әділет департаментімен бастаған. 2006 жылы ол қалалық Әділет басқармасына жетекші маман болып келген, ал 19 жыл өткен соң департамент бастығының орынбасары лауазымына дейін көтерілген. Қазіргі қызметіне биыл наурызда тағайындалған.
Кеше шенеунікті пара алу күдігімен Жамбыл облысы бойынша ҰҚК департаментінің қызметкерлері ұстады. Ол сыйақы алу арқылы жеке сот орындаушыларын лицензиясынан айырмауға уәде берген.
Айта кетейік, әзірге департамент немесе комитет тарапынан ресми түсініктеме берілген жоқ.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Амнистия может затронуть почти 3 тысячи женщин, включая более 200 матерей несовершеннолетних детей и беременных
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Қазақмыс Ұлытауға инвестиция салуда: Руслан Өскенәлі әлеуметтік нысандар құрылысының барысын тексерді
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Казахмыс инвестирует в Ұлытау: Руслан Өскенәлі проверил ход строительства социальных объектов
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
В Правительстве состоялось первое заседание Совета по развитию инноваций
Жаннұр Еділбаева·