Жамбылда үш оқушының өлімінен кейін арнайы жұмыс тобы құрылды
Фото: pixabay ҚР Оқу-ағарту министрінің тапсырмасына сәйкес 22-26 қыркүйек аралығында Жамбыл облысында бала құқықтарын қорғау саласында әдістемелік көмек көрсету жөніндегі жұмыс тобы қызмет атқаруда. Жаңа оқу жылының басында өңірде орын алған қайғылы жағдайларға байланысты ұйымда

Фото: pixabay
ҚР Оқу-ағарту министрінің тапсырмасына сәйкес 22-26 қыркүйек аралығында Жамбыл облысында бала құқықтарын қорғау саласында әдістемелік көмек көрсету жөніндегі жұмыс тобы қызмет атқаруда. Жаңа оқу жылының басында өңірде орын алған қайғылы жағдайларға байланысты ұйымдастырылған бұл жұмыс педагогтерге қолдау көрсетуге, балалардың қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған. Сондай-ақ құқықбұзушылықтың себептерін анықтау және ата-аналарға жеке кеңестер мен түсіндіру жұмыстары арқылы көмек көрсету міндеті көзделген, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Жұмыс тобы Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің жетекшілігімен құрылып, бес шағын топқа бөлінген 25 маманнан тұрады. Құрамына білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық департамент өкілдері, өңірлік бала құқықтары жөніндегі уәкіл, «Өркен» балалардың әл-ауқаты арттыру институтының сарапшылары, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының мамандары, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ғалымдары, психологиялық қолдау орталықтарының директорлары мен тәжірибелі сарапшылар енеді.
Мамандар Тараз қаласы мен облыс аудандарындағы мектептерде болып, педагогтермен, оқушылармен және ата-аналармен кездесулер өткізіп, әлеуметтік-психологиялық ахуалды зерделеуде. Сондай-ақ мектеп директорлары, олардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, педагог-психологтар мен әлеуметтік педагогтерге буллингтің алдын алу, деструктивті мінез-құлықты анықтау, ата-аналармен тиімді өзара іс-қимыл жасау және психологиялық-педагогикалық қолдаудың сапасын арттыру мәселелері бойынша семинарлар өткізілуде.
Министрдің тапсырмасына сәйкес аталған жұмыс ұзақ мерзімді әдістемелік қолдау форматында жалғасады. Іс-шаралар республикалық «ДосболLIKE» антибуллинг бағдарламасымен және «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасымен интеграцияланады.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Амнистия может затронуть почти 3 тысячи женщин, включая более 200 матерей несовершеннолетних детей и беременных
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Қазақмыс Ұлытауға инвестиция салуда: Руслан Өскенәлі әлеуметтік нысандар құрылысының барысын тексерді
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Казахмыс инвестирует в Ұлытау: Руслан Өскенәлі проверил ход строительства социальных объектов
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
В Правительстве состоялось первое заседание Совета по развитию инноваций
Жаннұр Еділбаева·