Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Жаңа туған сәбидің есімі желіде қызу талқыға түсті

10 мамыр 2025 жылы дүниеге келген жаңа туған нәрестеге арналған мерекелік шардағы жазу әлеуметтік желіде қызу пікірталас тудырды, деп хабарлайды  Todayinfo. Желіде тараған видеода шарға баланың есімі «Умер» деп жазылғаны байқалады. Бұл жазуды көрген қолданушылардың басым бөл

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
Жаңа туған сәбидің есімі желіде қызу талқыға түсті

10 мамыр 2025 жылы дүниеге келген жаңа туған нәрестеге арналған мерекелік шардағы жазу әлеуметтік желіде қызу пікірталас тудырды, деп хабарлайды Todayinfo.

Желіде тараған видеода шарға баланың есімі «Умер» деп жазылғаны байқалады. Бұл жазуды көрген қолданушылардың басым бөлігі қорқыныш пен таңданыстарын жасыра алмады. Себебі «Умер» сөзі орыс тілінде «қайтыс болды» деген мағына береді.

Қоғам реакциясы – түсінбеушілік пен уайым

Желі қолданушылары жазбаға түрлі пікір қалдырып, ата-ананың мұндай қателігіне алаңдаушылық білдірді:

  • «Ең болмағанада Омир деп жазсаңдаршы»,
  • «Өмер түрікше шығар»,
  • «Дұрыс ат қойыңдаршы»,
  • «Туылды ма өзі точно?»,
  • «Шошып кеттім ғой», – деп жазды пікір иелері.

Көпшілік мұндай жазудың ата-ананың тарапынан ұқыпсыздық немесе тілдік ерекшеліктерге мән бермеу салдарынан шыққанын айтады.

Есім таңдаудағы жауапкершілік – ата-аналарға ескерту

Мұндай жағдай қоғамдағы есім қою мәдениеті мен жазу сауаттылығының маңыздылығын тағы бір мәрте көрсетті. Әсіресе, көпұлтты қоғамда есімдердің аударма, дыбыстық сәйкестік және мағынасына мұқият болу қажеттігі айтылуда.

Ұқсас материалдар

Жаңа туған сәбидің есімі желіде қызу талқыға түсті · Todayinfo