Todayinfo.kz
Шоу бизнесБарлық жазбаларды қарау

«Жаңа тынысым»: Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз бесінші сәбиін босанды (ВИДЕО)

Белгілі әнші Қайрат Нұртастың жұбайы Жұлдыз Әбдукаримова отбасындағы қуанышты жаңалықпен бөлісті, деп хабарлайды todayinfo.kz Әлеуметтік желіде жарияланған суреттен кейін қазақстандықтар жаппай құттықтау пікірлерін қалдырып жатыр. Желі қолданушылары «Бесігің берік болсын», «Бауы

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
«Жаңа тынысым»: Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз бесінші сәбиін босанды (ВИДЕО)
Белгілі әнші Қайрат Нұртастың жұбайы Жұлдыз Әбдукаримова отбасындағы қуанышты жаңалықпен бөлісті, деп хабарлайды todayinfo.kz Әлеуметтік желіде жарияланған суреттен кейін қазақстандықтар жаппай құттықтау пікірлерін қалдырып жатыр. Желі қолданушылары «Бесігің берік болсын», «Бауы берік болсын» деген ақ тілектерін жазып, өнер жұлдызының отбасына қуаныш пен амандық тіледі. Белгілі қоғам қайраткерлері мен әріптестері де жылы лебізін білдіріп, сәбидің ұзақ ғұмырлы болуын, аман-есен өсуін тіледі. Жұлдыз Әбдукаримова парақшасында «Жаңа тынысым» деп жазып, сәби өміріне келгенін ишаралады. Бұл жаңалық көпшіліктің назарын аударып, аз уақыт ішінде мыңдаған лайк пен жүздеген пікір жинады. Қайрат пен Жұлдыздың шаңырағында бұған дейін төрт перзент өсіп келе жатқан еді. Енді жұлдызды жұптың отбасында бесінші сәби дүниеге келіп отыр.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Жулдыз Абдукаримова (@zhuldyzabdukarimovaofficial)

Ұқсас материалдар