Жанұяға жағдай жасаудан әлемде көш бастаған бес мемлекет - зерттеу
Отбасы құндылығы қазақ елі үшін қашанда өзекті. Шаңырақ күні, Наурызнаманың он күндігі қарсаңында Todayinfo.kz ақпараттық порталының тілшісі әлемде отбасы құндылығын сақтаудан көш бастаған елдерді анықтап шықты. Қай елдерде жақсы дамыған, қай елдерден үлгі алуымыз керек? Отбасы қ
Авторы Әмірболат Құсайынұлы··5 мин оқу

Отбасы құндылығы қазақ елі үшін қашанда өзекті. Шаңырақ күні, Наурызнаманың он күндігі қарсаңында Todayinfo.kz ақпараттық порталының тілшісі әлемде отбасы құндылығын сақтаудан көш бастаған елдерді анықтап шықты.
Қай елдерде жақсы дамыған, қай елдерден үлгі алуымыз керек? Отбасы құндылығы мен ана мен бала құқығын қорғауда Қазақстандағы жағдайды қалай деп бағалауға болады? Қандай жұмыстар жасалып жатыр?
Қазіргі кезде отбасылар жағдайы барлық елдерде өзекті тақырып болып отыр. Оған себеп кей елдерде аса көп бала туу фактісі болса, кей елдерде отбасы бақытсыздығы , ал кейбір мемлекеттерде бала туу санының күрт төмендеуі болып отыр. Осы орайда жыл сайын туу индексі, денсаулық сақтау, әлеуметтік білім беру, қоғамдық орындар бойынша зерттеулер жүргізіліп ең бақытты, отбасы құндылығы дамыған елдер деген сияқты көрсеткіштер шығып тұрады.
2025-жылдың деректері бойынша ең бақытты елдер қатарына Финляндия, Дания, Исландия, Швеция және Нидерланд мемлекеттері кірді. Отбасы үшін ең ыңғайлы елдер қатарында да осы елдер көш бастап тұр. Осы елдердің көпшілігінде отбасы үшін барлық жағдай жасалған. Мысалы, жұмыс барысымен басқа қалаға көшу керек болған кезде медициналық қызметтер көрсетіледі арнайы программа бойынша және мектепке, ұйымға тағы да басқаларына бару қиынға соқпайды.
Елімізде 6,2 млн отбасы бар, оның 3 миллионға жуығы – балалы отбасылар. Отбасыларға қолдау көрсету мақсатында ел бойынша 131 отбасыларды қолдау орталықтары жұмыс істейді. Соңғы жылдары елімізде балаларды қорғау саласында айтарлықтай оң өзгерістер байқалады. Мәселен, 10 жыл ішінде жетім балалар ұйымдарындағы тәрбиеленушілер саны 54%-ға азайып, интернаттардың саны 24%-ға дейін қысқарды. 2025 жылды қорыта келе шамамен 3000 жетім бала отбасыларға орналастырылды.
2026-жылдың 29-қаңтарында айтылған "2026-2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы" бойынша бала құқығына байланысты заңға өзгерістер енгізілуі мүмкін. Қазақстан Республикасында балалардың құқықтарын қорғау және әл-ауқатын қамтамасыз ету туралы «Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау» Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі және маңызды басымдықтарының бірі болып табылады. Бұл бағытта мемлекет тарапынан жүйелі және кешенді жұмыстар жүргізілуде.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың құқықтарын қорғау, сондай-ақ әрбір баланың толыққанды білім алуы, дамуы және әл-ауқатын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударып келеді. Соңғы жылдары балаларды әлеуметтік және құқықтық қорғау саласында Президенттің бастамасымен бірқатар маңызды реформалар жүзеге асырылып, заңнамалық негіздер жетілдірілді. Бұл шаралар балалардың құқықтарын тиімді қорғауға және олардың өмір сапасын арттыруға бағытталған.
Қазақстанда бала туған сәттен бастап оның құқықтары мен заңды мүдделері мемлекет тарапынан қорғалып, толық көлемде қамтамасыз етіледі. 2025 жылғы 1-желтоқсандағы жағдай бойынша еліміздегі балалар саны 6,9 миллион адамды құрады, бұл көрсеткіш жалпы халық санының 34 %-ын құрайды. Соңғы 10 жыл ішінде балалар санының 1,5 миллионға артуы тұрақты демографиялық өсімді көрсетеді.
Халықаралық ынтымақтастық Біріккен Ұлттар Ұйымының мамандандырылған құрылымдарымен, соның ішінде ЮНИСЕФ ұйымымен серіктестік арқылы жүзеге асырылуда. Бұл бағытта озық тәжірибелер енгізіліп, техникалық және сараптамалық қолдау көрсетіліп, балалардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған бірлескен бағдарламалар іске асырылуда.
2026-жылы жаңа қабылданған Конституцияның редакциясының жобасы референдумда таныстырылды. Өткен жылдардағы жекелеген түзетулерден айырмашылығы, бұл жолы Негізгі заңды кешенді жаңарту туралы сөз болып отыр. Елеулі өзгерістер отбасы мәртебесіне, неке мәселесіне, ата-аналық жауапкершілікке және ұрпақтар арасындағы міндеттерге қатысты мәселелерді қамтиды. Осы орайда Жаңа редакцияда келесі бағыттарға басым қорғауға неке, отбасы, ана болу, әке болу, балалық шақ негізге алынады. Бұрын бұл нормалар жалпы сипатта болса, 2026 жылы олар нақтыланып, күшейтіледі. Отбасы қоғамның негізгі құндылығы ретінде танылып, мемлекеттің тікелей қорғауына алынады. Практикалық негізде маңыздылығы бойынша ерлі-зайыптылар мен балалар құқықтарын қорғау күшейеді; отбасы нормалары тұрақтылығы артады; сотта отбасылық мүдделерге басымдық берілетін болады.
Ана мен әкенің бала тәрбиесі, қамқорлығы және дамуы үшін тең жауапкершілігі ерекше атап өтіледі. Нәтижесінде ата-ананың жауапкершіліктен жалтаруына қатаң шаралар; баланың тұрғылықты жерін анықтауда тең қарау; ата-ана құқығынан айыру істерінде дәлелдердің күшеюі орын алады.
Кәмелетке толған балалардың міндеті бойынша тоқтала кетсек. Еңбекке қабілетті ересек балалар еңбекке жарамсыз ата-аналарына қамқор болуға міндетті. Нәтижесінде ата-аналарға алимент өндіру жеңілдейді, әлеуметтік жауапкершілік артады, сот тәжірибесі қатаңдайды.Жоба балалардың құқықтарын қорғауды күшейтеді: барлық шешімдерде баланың мүддесі басым болады, қамқоршылық органдарының жауапкершілігі артады, кәмелетке толмағандарды қорғауға конституциялық негіз күшеймек.
Шет елдерге келетін болсақ Финляндияда медициналық қызмет өте қолжетімді, вакцинация және педиатрия жақсы ұйымдастырылған. Онымен қоса субсидияланған бала-бақшалар жаңа отбасы үшін үлкен көмек. Ал Данияда әр бұрышта балалар ойнайтын жерлер орналасқан. Мектептегі білім аса жоғары бағаланады, және сәйкесінше сапалы білім беру жоспарланған. Сонымен қатар бала-бақшаның да сапасы көңілден шығады. Әрі Pay Limit Scheme сияқты арнайы бағдарламалар жұмыспен қоса, балалармен орналасуға әрі мектепке тез тіркелуге мүмкіндік береді.
Швецияға келер болсақ мектепке дейінгі және мектептегі балаларға керемет жағдай жасаған, әртүрлі даму орталықтары бар. Ата-ана үшін де бала күтіміне байланысты арнайы ұзақ демалыс қарастырылған. Денсаулық бойынша да мәселе жоқ, барлығы арнайы бағдарламалар арқылы қолжетімді жүзеге асады.
Нидерландта ерекше құрылым бар, оның бірі велосипедпен қамтылған мектептер. Бірінші кезекте бұл балалар үшін өте қауіпсіз, әрі саябақтардың да көп болуы халық үшін әлдеқайда ыңғайлы. Сонымен қатар халықаралық мектептер де елдің ірі қалаларында жақсы дамыған.
2025 жылғы желтоқсанның нәтижесі бойынша Қазақстанда IT саласында жұмысқа орналастыру бағдарламалары, өңірлік жұмыспен қамтуды дамыту және отбасылық саясатты нығайту басым бағыттар болып табылады. Еңбек ресурстарын жаңа цифрлық мамандықтарға бейімдеу, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер, білім мен денсаулық сақтау салаларына қолжетімділік арқылы отбасыларды қолдау бойынша жұмыстар жүргізілген.
Осы орайда елімізде әр саланың мамандануы бойынша, маман жетіспей жатқан салаларға аса көңіл бөлу, білім беру саласына дейін арнайы мамандандыру жұмыстарын жүргізу, арнайы демалыстар бала күтімі, бала тәрбиелеу бойынша моральды көмек көрсету, отбасымен бірге көшіп-қону сонымен бірге денсаулық сақтау және білім беру жүйесінің отбасы құндылықтарына әсер етуі жүйелі түрде талқылануы тиіс, осы жүйелердің дамуы отбасы құндылықтарын сақтауға және әлеуметтік жағдайды жақсартуға ықпалын тигізеді.
Ұқсас материалдар

Ақпарат комитеті
Халықаралық қауымдастық Қазақстанның бастамаларын “сенімге негізделген дипломатия” ретінде оң бағалайды - саясаттанушы
Әмірболат Құсайынұлы·

Ақпарат комитеті
«Заң мен тәртіп» жемқорлыққа төзбей, халықты әділеттілікке біріктіретін ауқымды жоба – сарапшы
Әмірболат Құсайынұлы·

Ақпарат комитеті
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне құрметпен қарау – әр азаматтың міндеті
Айғаным Нариманова·

Ақпарат комитеті
Өңдеуші өнеркәсіптен адами капиталға дейін: Қазақстан экономикасының жаңа даму бағыты
Айғаным Нариманова·