Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Ерболат Досаев Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары қызметінен босатылды, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Тиісті құжат Ақорданың ресми сайтында жарияланды. Қызметтен босату себебі жарлықта нақты көрсетілмеген.
Еске сала кетейік, Ерболат Досаев бұл лауазымға 2024 жылдың 31 қаңтарында тағайындалған болатын. Ол бұған дейін екі жылға жуық Алматы қаласының әкімі қызметін атқарды.
Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков




