Todayinfo.kz
Жаңалықтар

«Желтоқсан бүлікшілерін жақтаған біреу»: Желіде Шахановтың атына көше беруге қарсы шыққан ер адамның видеосы тарады

Алматыда Абдолла Розыбақиев көшесін ақын Мұхтар Шахановтың атына өзгерту туралы ұсынысты ер адам сынға алды. Сөзінше, Шаханов “желтоқсан бүлікшілерін жақтаған біреу”. Енді адвокат Мейірман Шекеев ер адамның жазалануын талап етеді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат аге

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
«Желтоқсан бүлікшілерін жақтаған біреу»: Желіде Шахановтың атына көше беруге қарсы шыққан ер адамның видеосы тарады
Алматыда Абдолла Розыбақиев көшесін ақын Мұхтар Шахановтың атына өзгерту туралы ұсынысты ер адам сынға алды. Сөзінше, Шаханов “желтоқсан бүлікшілерін жақтаған біреу”. Енді адвокат Мейірман Шекеев ер адамның жазалануын талап етеді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Бұған дейін қоғам белсенділері көшеге ақынның атын беру үшін петиция жариялаған. Қазір оны 10 мыңға жуық адам қолдап отыр. Алайда желіде бір ер адам бұл бастамаға қарсы шығып отыр. Оның айтуынша, Розыбақиев – "Қазақстан үшін үлкен еңбек сіңірген тұлға". Ал көшені "Желтоқсан бүлікшілерін ақтаған адамның атына беру" орынсыз шешім дейді ол.
“Розыбақиевтың Қазақстан үшін істеген еңбегін еске алайық. Ал ана “атын атауға болмайтын” адам ше? Бұл мен білетін алматылықтардың тірлігі емес. Мүмкін олар тіпті алматылық емес те шығар”, – деді ол.
Осы видеодан кейін адвокат Мейірман Шекеев “Шахановты қорлауға жол бермейтінін айтты.
“Әрине, біздің Розыбақиевке өкпе-ренішіміз жоқ. Алайда ұлттық намысымызға тіл тигізуге жол бермейміз. Мен оның үстінен арыз түсірдім”, – деді адвокат.

Ұқсас материалдар