Todayinfo.kz
АймақБарлық жазбаларды қарау

Жетісу облысында мұғалімді демалысқа жібермей қойған директор жазаланды

Фото: istockphoto.com Жетісу облысында мектеп директоры жазаланды. Ақсау ауданындағы 35 орта мектептің директоры мұғалімді ақысыз демалысқа жібермей қойғаны үшін тәртіптік жазаға тартылды, деп хабарлайды Todayinfo. Облыс прокуратурасының хабарлауынша, мұғалім директордың атына өт

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··1 мин оқу
Жетісу облысында мұғалімді демалысқа жібермей қойған директор жазаланды
Фото: istockphoto.com Жетісу облысында мектеп директоры жазаланды. Ақсау ауданындағы 35 орта мектептің директоры мұғалімді ақысыз демалысқа жібермей қойғаны үшін тәртіптік жазаға тартылды, деп хабарлайды Todayinfo. Облыс прокуратурасының хабарлауынша, мұғалім директордың атына өтініш жазып, ақысыз демалыс сұраған. Директор заңға сәйкес, өтінішті қарап, бес күн ішінде оған қол қойып, мұғалімді өзі сұраған ақысыз демалысына жіберуі керек еді. Алайда, директор заңның бұл талабын орындамаған.
«Прокурор қадағалау актісін толтырғаннан кейін облыста жалпы 2 мыңға жуық қызметкердің құқығы қорғалған.  Кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды», - деп хабарлайды Жетісу облысының прокуратурасы.

Ұқсас материалдар