Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

«Жүрегім толқып тұр»: депутаттың тоқалы ұлының тұсауын кестіру үшін Мединаға барды

Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Нұрайым Шақимерген ұлының тұсауын кестіру үшін мыңдаған шақырым жол жүріп, Сауд Арабиясына барды, деп хабарлайды Todayinfo . Бұл туралы депутат желіге бейнежазба жариялаған. «Бүгін баламның тұсауын Осман Тоха кесті. Құран Кәрімді көркем жа

Авторы Жаннұр Еділбаева··1 мин оқу
«Жүрегім толқып тұр»: депутаттың тоқалы ұлының тұсауын кестіру үшін Мединаға барды
Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Нұрайым Шақимерген ұлының тұсауын кестіру үшін мыңдаған шақырым жол жүріп, Сауд Арабиясына барды, деп хабарлайды Todayinfo. Бұл туралы депутат желіге бейнежазба жариялаған.
«Бүгін баламның тұсауын Осман Тоха кесті. Құран Кәрімді көркем жазумен аты әлемге әйгілі болған ұлы хаттат, ислам әлеміндегі ең беделді каллиграфтардың бірі. Құранға қызмет еткен сол қасиетті қол баламның алғашқы қадамын ашты. Жүрегім толқып тұр»,- деп жазды ол.
Еске салайық, 25 жастағы Нұрайым Шақимерген 42 жастағы Мәжіліс депутаты Темір Қырықбаевтан бала тапқан. Олар заңды болмаса да неке қиғызған, бірақ қазір бірге емес. Нұрайым Шақимерген Мәжіліс депутатының өзіне «үйленемін» деп уәде беріп, кейін қашып кеткенін жазған еді. Сондай-ақ бұрын Түркістан облыстық мәслихатында депутат болып, кейін Мәжіліске өткен Темір Қырықбаевты «өз креслосын тоқалына қалдырған» деген сыбыс шыққан, алайда Шақимерген бұл әңгімені жоққа шығарды. Ол қызметке өзінің сайлау арқылы келгенін жеткізді. Желідегі ақпаратқа сәйкес, Темір Қырықбаевтың жұбайы, бес баласы бар. Фото: видеодан скрин  

Ұқсас материалдар

«Жүрегім толқып тұр»: депутаттың тоқалы ұлының тұсауын кестіру үшін Мединаға барды · Todayinfo