Жұрқамырза Шүкірбеков пара дзюдодан қола жүлдегер атанды
Франция астанасы Парижде өтіп жатқан 2024 жылғы Паралимпиада ойындарында Қазақстан командасының өкілдері тоғызыншы медальға қол жеткізді. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. Фото: Орталық коммуникациялар қызметі Жұрқ

Франция астанасы Парижде өтіп жатқан 2024 жылғы Паралимпиада ойындарында Қазақстан командасының өкілдері тоғызыншы медальға қол жеткізді. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Орталық коммуникациялар қызметі
Жұрқамырза Шүкірбеков Париж-2024 Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды. Ол пара дзюдодан 90 келі салмақта сынға түсіп (J2 санаты), тұғырдың үшінші сатысына көтерілді.
Кіші финалда Шүкірбеков франциялық Насер Зорганиді иппон ұпайымен жеңді.
Айта кетейік, турнир барысында қазақстандық спортшы Бразилия өкілін жеңіп, жартылай финалда грузиялық қарсыласына есе жіберген болатын.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Қазақстандық аграршылар табысы жоғары дақылдарға басымдық беріп отыр
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Танымал журналист Мемлекет басшысының жетістіктерін атап өтті
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты бірінші сот отырысы кейінге қалдырылды
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Добывали песок со дна Тобола на 719 млн тенге: дело передали в суд
Жаннұр Еділбаева·