Жындыханада жатыр: Маңғыстаудағы сарбазға қатысты тың дерек шықты
Фото: видео скриншот Құқық қорғау органдары Маңғыстаудағы әскери бөлімде қызмет етіп жүрген қатардағы жауынгерге қатысты заңсыз әрекеттер болуы мүмкін деген мәліметті тексеріп жатыр. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпарат агенттігі Lada.kz -ке сілтеме жасап хабарлады. Ведомствоның

Фото: видео скриншот
Құқық қорғау органдары Маңғыстаудағы әскери бөлімде қызмет етіп жүрген қатардағы жауынгерге қатысты заңсыз әрекеттер болуы мүмкін деген мәліметті тексеріп жатыр. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпарат агенттігі Lada.kz-ке сілтеме жасап хабарлады.
Ведомствоның дерегінше, әскерге шақырылған сәттен бастап қатардағы Сұлтан Шынтеміров бірнеше рет командирлерге де, бөлімдегі психологқа да әскери қызметін жалғастырғысы келмейтінін айтқан. Қарулы Күштер сарбаздың психиатриялық ауруханаға түскенін растады.
15 қыркүйекте ол Ақтау қаласындағы психоневрологиялық диспансерге «психикалық ауытқу» деген алдын ала диагнозбен жатқызылған. Әскерилер бұл туралы оның ата-анасына хабар берген. Толыққанды тексеруден өткізу үшін Шынтеміровті Астанадағы Қорғаныс министрлігінің Бас әскери клиникалық госпиталіне жіберу көзделіп отыр. Құрлық әскерлері баспасөз қызметінің мәліметінше, сарбазға қатысты заңсыз әрекеттердің болуы ықтималдығына байланысты қазір құқық қорғау органдары арнайы тексеру жүргізіп жатыр.
Еске сала кетейік, Маңғыстау облысында 18 жастағы Сұлтан Шынтеміров әскердегі қызмет барысында психиатриялық ауруханаға түсті. Оның туыстары бұл жағдайды әлімжеттікпен байланыстырып отыр.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Стартап из Темиртау вышел на мировой уровень
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
«Оларды өлтіруді әлдеқашан шешіп қойғнмын»: Сәрсемалиев қылмыс жоспарын айтты
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Амнистия может затронуть почти 3 тысячи женщин, включая более 200 матерей несовершеннолетних детей и беременных
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Қазақмыс Ұлытауға инвестиция салуда: Руслан Өскенәлі әлеуметтік нысандар құрылысының барысын тексерді
Жаннұр Еділбаева·