Зүлфия Сүлейменова жаңа қызметке тағайындалды
Фото: gov.kz Президентінің бұрынғы кеңесшісі - халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі Зүлфия Сүлейменова жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Зүлфия Сүлейменова Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі е

Фото: gov.kz
Президентінің бұрынғы кеңесшісі - халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі Зүлфия Сүлейменова жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Зүлфия Сүлейменова Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі болып тағайындалған. Бұл ақпаратты ведомствоның баспасөз қызметі растады.
Зүлфия Болатқызы Сүлейменова 1990 жылы 25 ақпанда Ақтөбе облысында дүниеге келген.
Еңбек жолын 2014 жылы Жаһандық саясат және қауіпсіздік орталығының Өңірлік және жаһандық қауіпсіздік бөлімінің ғылыми қызметкері лауазымынан бастады.
2020 жылғы қаңтар айынан бастап 2021 жылғы қаңтар айы аралығында Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық саясат және тұрақты даму департаментінің, Климаттық саясат және жасыл технологиялар департаментерінің директор орынбасары лауазымдарында жұмыс атқарды.
2021 жылғы қаңтар айынан бастап 2022 жылғы наурыз айы аралығында Қазақстан Республикасы Мәжіліс Парламентінің депутаты болды.
2022 жылғы наурыз айынан бастап Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі болды.
2023 жылы 4 қаңтарда Мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалды.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
"ҚазТАГ" журналистиканың негізгі ережесін орындамады - «Фридом Финанс» қорғаушысы
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Адвокат «Фридом Финанс»: "КазТАГ" демонстрирует пренебрежение к требованиям компании
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Шымкент – Астана рейсінде 7,6 млн теңге ұрланды
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Өткір қырлы пластик жұтып қойған: Алматы дәрігерлері он айлық сәбиді өлім аузынан алып қалды
Жаннұр Еділбаева·