Көкшетауда белгісіз тұлғалар балабақша тәрбиешісінің WhatsApp мессенджерін бұзып, ата-аналарға қорқынышты хабарламалар жіберген, деп хабарлайды Todayinfo.
Жәбірленуші ана:
«Ұлымды түскі ұйқыдан кейін алып кететінімді тәрбиешіге жазған едім. Бірақ жауап ретінде: «Сәлім енді оянбайды, оны Милана терезеден итеріп жіберді» деген суық хабарлама келді. Сол сәтте қандай күйде болғанымды сөзбен жеткізу мүмкін емес!»
Бұл мазмұндағы хаттар басқа ата-аналарға да жіберілген.
Полиция департаменті:
«14 наурызда Көкшетау қаласындағы балабақша тәрбиешісі WhatsApp мессенджерінің бұзылуы бойынша арыз жазған. Қазіргі уақытта бұл оқиғаға байланысты тексеру жүргізіліп жатыр.»