Ақмола облысында әкімдік заңсыз тендер өткізбек болған.
«Қала әкімдігі құны 2,5 миллиард теңге болатын көппәтерлі тұрғын үй құрылысына конкурс өткізбей-ақ бір көзден келісімшартқа отырған», – делінген ресми хабарламада.
Прокурорлар 13 ақпанда сотқа шағым түсіріп, жеңіске жетті.
«Қаражат басқа да әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға жұмсалды, кінәлілер заңмен белгіленген жауапкершілікке тартылды», — деп атап өтті прокуратура.
Дереккөз: ulysmedia.kz