ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысында агроөнеркәсіптік кешенді қаржыландырудың жаңа тәсілдері туралы баяндады,деп хабарлайды Todayinfo.
Министрдің айтуынша, жеңілдетілген несие көлемі 700 млрд теңгені құрайды. 2023 жылдың қараша айынан басталған ерте қаржыландыру аясында:
✅ 206 млрд теңге бөлініп,
✅ 1,8 мыңнан астам агроөнеркәсіптік кәсіпорын қаржыландырылды,
✅ 3,4 млн гектар егіс алқабы қамтылды.
Биыл кемінде 8 млн гектар егіс алқабын қаржыландыру жоспарланып отыр.
Бұл шаралар егін науқанын уақытылы өткізуге, шаруалардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге және ауыл шаруашылығы саласының өнімділігін арттыруға бағытталған.
АҚШ-та доллардағы Бенджамин Франклиннің орнына Трамптың портретін салу ұсынылды