Фото: видеодан кадр
Алматының Бостандық ауданында белгісіз ер адам көпқабатты үйдің маңында әдепсіз әрекетке (мастурбация) барған. Оқиға куәгерлердің камерасына түсіп, кейін Telegram арналары арқылы тарады. Кұшеде мүшесін уқалап жүрген жігітті қыздар түсіріп алған, деп хабарлайды Todayinfo.
Куәгерлердің айтуынша, ер адам терезеге фонарь жағып, қар лақтырып, пәтерде тұратын қыздардың назарын аударуға тырысқан.
Бұл жағдайға қатысты Алматы полиция департаменті анайы әрекет жасаған жігітті іздестіріп жатыр.
«Алматы қалалық полиция департаменті «102» пультіне осы оқиға бойынша ешқандай арыз-шағым түспегенін хабарлайды. Бостандық аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданады», – делінген ПД ресми жауабында.
Видеоны көрген оқырмандар «көктемгі қозу», «қауіпті қала» деген түрлі пікірлер қалдырған.
«Қара, қара, біздің түсіріп жатқанымызды көрді, қорқам. Мені көріп артқа шегінді», — дейді видеоны түсірген қыздар.