Көлігін 5 минуттан артық қыздырғаны үшін тұңғыш рет Петропавл тұрғыны айыппұл арқалады, деп хабарлайды Todayinfo.
Алтынбек есімді Петропавл тұрғыны көлігін 5 минуттан артық қыздырғаны үшін айыппұл төлейді. Бұл Тәуелсіз Қазақстан тарихында осы үшін алып тұрған алғашқы айыппұл екен. Себебі бұған дейін ІІМ тарихта көлік қыздырғаны үшін ешкімге айыппұл салынбағанын хабарлаған еді.
«11 қаңтарда күндізгі уақытта мен үйде отырып көлігімнің қозғалтқышын іске қостым. Ол жерде көлік қыздырудың минималды уақыты 10 минут еді. 10-15 минут уақыттан кейін маған полиция қызметкерлері хабарласып, далаға шығуымды өтінді. Олар менің үстімнен тұрғындар шағымданғанын айтты. Менің көршім оларға дәлел ретінде видео жолдаған. Одан кейін маған 5 АЕК (19990 теңге- автор) көлемінде айыппұл жазып берді», — дейді Петропавл тұрғыны.
Еске салсақ, осыған дейін 20 жыл бұрын енгізілген норма қоғамда резонанс тудырған еді. Ол көлігін 5 минуттан артық қыздырғандарға айыппұлдың салынуы. Алайда ІІМ азаматтарға жаппай айыппұл салуды көздемейтінін айтқан.