Ақтауда 32 жастағы ер адамның мәйіті өз көлігінен табылды, деп хабарлайды Todayinfo CMN ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Оқиға бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.
Марқұмның анасы әлеуметтік желі арқылы халықтан көмек сұрап, ұлының кісі қолынан қаза тапты деп хабарлады.
«Көмектесіңіздерші! 11 маусым, сәрсенбі күні ұлымды өлтіріп кетті. Мүмкін біреуде көліктің видеожазбасы бар шығар: сұр түсті «девятка», мемлекеттік нөмірі – Р947НАМ. Бағыты: бесінші насос, «Орбита» спорт кешені, өндірістік аймақ. Кімде-кімде қандай да бір ақпарат болса, көмектесіңіздерші», — делінген анасының үндеуінде.
Маңғыстау облысының полиция департаменті қылмыстық іс аясында бірқатар сот-медициналық сараптамалар тағайындалғанын, тергеу жүріп жатқанын хабарлады. Қазіргі таңда кісі өлтіру нұсқасы ресми түрде расталған жоқ.