Әнші Наркенже Серікбаева өзін кіналәған оқырмандарға жауап жазды, деп хабарлайды Todayinfo.
Филармония әншісі елді шулатып, кейін бастығымен татуласқаны үшін қоғам сынына ұшыраған еді. Ол өзі жайлы сыни пікірлерді оқыған сайын еңіреп жылаумен өмірі өтіп жатқанын жеткізді.
«3 күннен бері болып жатқан жағдайлардан хабардарсыздар. Босқа жылап ұпай жинайтын мен емес. Көзімнен шыққан жас ол менің ішкі жан айқайым. Әлсіз жаратылыспын. Әлеуметтік желідегі әр түрлі айтылып жатқан сыни пікірлерді де, қолдау хаттарды да бірін қалдырмай оқып отырмын. Оқи отырып жүрегім қарс айрылардай күй кешкенім жасырын емес», — деп жазды әнші.
Оның сөзінше, «иіскегісі» келген бастығы өзінен кешірім сұраған. Содан кейін филармония бастығымен татуласып, істі жапқан.
“Хайп үшін”, “неге аяғына дейін бармадың”, “жала жаптың”, “екі жүзділік” т.б деген сияқты пікірлерді де көріп көзімнің жасы көлдей болды. Мейлі. Көптің аузына қақпақ бола алмаймын. Әркімнің өз шындығы бар. Бірақ бір нәрсе анық. Мен халықсыз ешкім емеспін! Елдің ішінен шықтым. Әкем де халық, анам да халық! Кеше Шымқалаға мен үшін уайымдап келген аға, әпкелерге, достарға рахмет! Тәкәппарлық қылмай, кешірім сұрап тұрса әкеңнің болса да құнын кеш деген қазақтай дана жұрттың жұрнағымыз ғой. Кісілік қылмай, кішілік танытайын дедім. Мақсатым аз қазақты алауыз қылу емес!», — деді Наркенже Серікбаева.