Close Menu
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
What's Hot

Арыстық волейболшылар «Ұлттық мектеп лигасында» жүлдегер атанды

21 Мамыр, 2025

Түркістан облысында биыл модульді лагерлер жұмыс істейді

21 Мамыр, 2025

Шардарада экологиялық бағытта жастар слеті өтті

21 Мамыр, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Арыстық волейболшылар «Ұлттық мектеп лигасында» жүлдегер атанды
  • Түркістан облысында биыл модульді лагерлер жұмыс істейді
  • Шардарада экологиялық бағытта жастар слеті өтті
  • Кентаулық дзюдошылар республикалық турнирде топ жарды
  • Созақта шегірткеге қарсы күрес жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
  • Түркістанда жаңа саябақ салынып жатыр
  • Абай облысында терезеден құлаудың алдын алу шараларын жүзеге асыруда
  • Қазақстанда Дженнифер Лопестің екі концерті өтеді
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 21 Мамыр
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Rus
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Көлік министрі Түркістан қаласына келді

Көлік министрі Түркістан қаласына келді

14 ноября, 2024 Түркістан қаласы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес орталық атқарушы органдардың бірінші басшылары халықпен тұрақты кездесу тапсырылған. Осы ретте, бүгін ҚР көлік министрі Марат Қарабаев Түркістан облысына іссапармен келіп, өңір тұрғындарымен кездесті, — деп хабарлайды todayinfo.kz ақпараттық порталы.

Басқосуда автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі саласына қатысты бірқатар сұрақтарға жауап берілді.
Жиын барысында облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов өңірде жол саласында атқарылған жұмыстарды баяндады.

Биыл облыс бойынша 202 нысан немесе 1068,4 шақырым жол мен көшелер жөнделуде. Жыл қорытындысымен 135 нысан немесе 611,7 шқ. пайдалануға беріледі. Сондай-ақ облыста 5 автовокзал, 20 автобекет және 18 жолаушыларға қызмет көрсету пункті жұмыс істейді. Қазіргі уакытта әуежай 3 халықаралық және 6 республикаішілік рейстерге қызмет көрсетуде. Жиын соңында Марат Кәрімжанұлы тұрғындармен жеке қабылдау өткізіп, министрліктің сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.

Түркістан өңірі бойынша автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 17 700 шақырымды құрайды. Биылғы жыл қорытындысымен жақсы және қанағатты жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың үлесін 93,7 пайызға жеткізу жоспарланып отыр. Бұл бағытта, биыл автомобиль жолдары саласын дамытуға бюджеттен 41,4 млрд. теңге бөлінген.

Сонымен қатар, Түркістан қаласының айналма жолының жобалық-сметалық құжаттамасын қайта түзету жұмыстары қолға алынды. Бүгінде республикалық маңызы бар М-32 «Самара-Шымкент» автомобиль жолы қала ішінде қалып, көлік қозғалысын айтарлықтай қиындатуда. Ауыр жүк көліктерінің және жеңіл автокөліктердің санының артуы, жол кептелістері мен қалаға келуші туристер үшін қолайсыздықтар туғызуда.

Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы «Түркістан қаласының шығыс айналма жолы» жобасын әзірлеп, М-32 жолына балама ретінде ұсынды. Жобаның жалпы ұзындығы 30 шақырымды құрайды. Айналма жолдың құрылысы жолаушылардың, жүк тасымалдарының және қалаға келетін туристердің қозғалысын жеңілдетуді мақсат етеді. Алайда, аталған жоба қазіргі уақытқа дейін қаржыландырылмаған, бұл өз кезегінде техникалық-экономикалық негіздеме мен жобалау-сметалық құжаттаманың 3 жылдық мерзімінің өтуіне әкелді.

Қазіргі уақытта, жоба бойынша қайта түзету жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туындап отыр. Бұл түзетулер жобаның жаңартылуын және сапалы жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді. Жобаны жүзеге асыру барысында, Түркістан қаласының инфрақұрылымын жаңғырту және дамыту мақсатында заманауи стандарттарға сай құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Айналма жолдың құрылысы көлік қозғалысының қауіпсіздігін арттыруға, жолдардың жүктемесін азайтуға және жол апаттарының санын қысқартуға мүмкіндік береді.

Айналма жолдың салынуы қаланың экологиялық жағдайын жақсартуға да әсер етуі мүмкін. Ауыр жүк көліктерінің қаланың орталық көшелері арқылы өтпей, айналма жолмен жүруі, ауа ластануы мен шу деңгейінің төмендеуіне септігін тигізеді. Бұл, өз кезегінде, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал етеді.

Түркістан қаласының айналма жолы жобасы тек көлік инфрақұрылымын жаңартумен шектелмейді. Жоба аясында жаңа жұмыс орындары ашылып, жергілікті экономиканың дамуына үлес қосу жоспарлануда. Сондай-ақ, айналма жолдың құрылысы туристік нысандардың қолжетімділігін арттырып, қалаға келушілердің санының өсуіне ықпал етуі мүмкін.

Түркістан облысының әкімдігі мен жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы жобаның іске асырылуын қамтамасыз ету үшін тиісті шаралар қабылдауда. Айналма жолдың жобалық-сметалық құжаттамасын қайта түзету жұмыстары барысында, қоғамдық пікір мен сарапшылардың ұсыныстары ескеріледі. Бұл жобаның сәтті жүзеге асырылуы Түркістан қаласының инфрақұрылымын жақсартып, тұрғындардың өмір сапасын арттыруға көмектеседі.

Айналма жолдың құрылысы Түркістан облысының болашақта дамуына оң әсерін тигізіп, экономикалық, экологиялық және әлеуметтік тұрғыдан тиімді боларына сенім мол.

Оқылып жатыр

Түркістанда жаңа саябақ салынып жатыр

Түркістан қаласында санитариялық және ветеринариялық қауіпсіздік күшейтіледі

«800 адам үлесін қосты»: Түркістанда жалпықалалық сенбілік өтті

«Таза Қазақстан»: Түркістанда жалпықалалық сенбілік өтті

Түркістан қаласында жыл соңына дейін 11096 адам жұмыспен қамтылмақ

Түркістан қаласының дизайн коды таныстырылды

Соңғы жазбалар

Арыстық волейболшылар «Ұлттық мектеп лигасында» жүлдегер атанды

21 Мамыр, 2025

Түркістан облысында биыл модульді лагерлер жұмыс істейді

21 Мамыр, 2025

Шардарада экологиялық бағытта жастар слеті өтті

21 Мамыр, 2025

Кентаулық дзюдошылар республикалық турнирде топ жарды

21 Мамыр, 2025

Созақта шегірткеге қарсы күрес жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

21 Мамыр, 2025

Түркістанда жаңа саябақ салынып жатыр

21 Мамыр, 2025

Абай облысында терезеден құлаудың алдын алу шараларын жүзеге асыруда

21 Мамыр, 2025

Қазақстанда Дженнифер Лопестің екі концерті өтеді

21 Мамыр, 2025

Алматыда BRT желілерін салу кезінде қайта пайдалануға жатпайтын бүлінген жиектер ғана ауыстырылады

21 Мамыр, 2025

«Қабырғасы пышақталған»: Шерзат Полаттың мәйітіне қатысты сараптама қорытындысы жария етілді

21 Мамыр, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.