Ақмола облысында халықаралық стандарқа сай келетін заманауи колледж ашылады. Ондағы студенттер тәжірибеден өтіп, өндіріс орынан стипендия да ала алады. Облыс басшысы Марат Ахметжановтың сөзінше заманауи оқу орталығының құрылысы алдағы жылы басталады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпараттық агенттігі.
«Биыл жұмысшылар жылы. Президентіміздің тапсырмасы аясында Қосшы қаласында заманауи колледж ашылады. Біздің тарапымыздан инфрақұрылым жасалып, жер беріледі. Жер бөлінді, қазір құрылыстың жобалау жұмысы жасалды. Келесі жылы құрылыс басталады. Үкіметпен бірлесе жасап жатырмыз. Халықаралық стандартқа сай болады колледж. Үлкен өнеркәсіптермен бірлесе жұмыс істейтін колледж ашылады. Студенттер өндіріс орындарынан стипендия алады, тәжірбиден өтеді. Бізде колледжлердің көбі ескі, Белларусь, МТЗ-мен қалып қойған. Жаңа заменены техникаларға отыра алмайды. Біздің студенттер заманауи колледж ашылғанда сапалы білім алып, өмірге қажетті маман болып шығады», — деді өңір басшысы.

