Сарыағаш медресесінің бас ұстазы Әбужаппар Сманов шәкірттеріне аяғын уқалатып қойғаны елді дүрліктірді, деп хабарлайды Todayinfo порталы.
Дін жолындамыз деп құдайды көлденең тартып, жаратушыны саудалайтын уағызшылардың әрекетінен әбден зәрезеп болған халық сарыағаштық молданы сынап жатыр.
«Кеше таң намызынан кейін атамның колледж студенттеріне айтып жатқан уағыз-насихатын түсіріп, желіге салған болатынмын. Видеоны салудағы мақсатым – атаның уағыз насихаты емес, немерелірінің құрметін, дүйім жұртқа үлгі ретінде көрсету болатын. Алайда халық арасында түсінбеушілік туындап, түрлі қауесет таралып жатқанын естідім. Атам еш уақытта колледж студенттеріне аяғын уқалатуға рұқсат берген емес. Ал немерелері атасының ақ батасын алу үшін жасап жатқан құрметін салған болатынмын. Бұл жерде дүрліктіретін мәселе жоқ», — дейді Әбдужаппар Смановтың немересі.