Танымал ирландиялық спортшы, UFC-дің бұрынғы чемпионы Конор Макгрегор 2025 жылғы президенттік сайлауға қатысуға ниетті екенін мәлімдеді. Ол бұл туралы 4 қыркүйекте өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Президент ретінде мен ешбір заң жобасына халықтың талқылауына шығарылмайынша қол қоймаймын. Егер сіз менің атымды сайлау бюллетенінен көргіңіз келсе, округтегі жергілікті депутаттармен байланысып, менің кандидатурамды ұсынуды сұраңыз, – деді Макгрегор.
Ирландияда президенттік сайлау 2025 жылғы 11 қарашада өтеді.
Фото: ММА