Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

16 жастағы қыздың жыныс мүшесіне таяқ тығып қорлаған әйелдің бірі әкімдікте істеген

16 Қыркүйек, 2025

«Қайрат әркімге жабысып тасжүрек қылды»: жастық өмірін Айдарбековтар әулетіне берген Жұлдыздың өмірі талқыға түсті

16 Қыркүйек, 2025

«Туған анасын осылай сыйлады ма екен?»: Жанар Айжанованың күйеу баласы мен қызының әрекеті қызу талқыға түсті

16 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • 16 жастағы қыздың жыныс мүшесіне таяқ тығып қорлаған әйелдің бірі әкімдікте істеген
  • «Қайрат әркімге жабысып тасжүрек қылды»: жастық өмірін Айдарбековтар әулетіне берген Жұлдыздың өмірі талқыға түсті
  • «Туған анасын осылай сыйлады ма екен?»: Жанар Айжанованың күйеу баласы мен қызының әрекеті қызу талқыға түсті
  • Түркістан: Кентауда жұмысшы мамандарды даярлайтын бірегей оқу орны бар
  • Тоқаев жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды
  • 16 қыркүйектен бастап Қазақстанда некеге мәжбүрлегені үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіледі
  • Атырауда ҰҚК қызметкері ірі көлемді есірткімен ұсталды
  • «Зина көбейіп кетті»: Түркістанда облысында төрт балалы әке әйелін балғамен ұрып өлтіріп, артынша өзіне қол салған
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сейсенбі, 16 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Корея Республикасының инвесторларымен әріптестік орнатып, кәсіпорындар ашуға дайынбыз – Түркістан облысының әкімі

Корея Республикасының инвесторларымен әріптестік орнатып, кәсіпорындар ашуға дайынбыз — Түркістан облысының әкімі

10 Маусым, 2024 Аймақ
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Түркістанға Корея халықаралық сауда қауымдастығының басқарма төрағасы Юн Джин Сик жұмыс сапарымен келді. Кореяның ең алпауыт компанияларының басын біріктіріп отырған KITA қауымдастығының төрағасымен Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды арнайы кездесіп, келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

– Біздің елдің Корея халқына деген ілтипаты, көзқарасы өте жақсы. Өйткені бұрыннан тарихи байланыс орнаған. Сіздер жақтан келетін инвестицияны жылы қарсы алады әрі қолдайды. Түркістан – түркі әлемінің орталығы, тарихи өлке. Қазіргі таңда Түркістан облысы еліміздің қарқынды дамып келе жатқан өңірлерінің және үлкен инвестициялық әлеуетке ие. Біздің өңір – Орталық Азиядағы бизнесті кеңейтудің жаңа көкжиегі. Түркістан облысы арқылы өтетін «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі әлемдік нарыққа шығудың жаңа мүмкіндіктерін ашады. Қазіргі уақытта облыста қолайлы инвестициялық ахуал қалыптасқан, бизнесті ынталандыру мен дамытуға жағдай жасалған. Аймақта 10 индустриалды аймақ және «Turan» арнайы экономикалық аймағы бар. Аталған алаңдар инвесторларға дайын инфрақұрылымы бар жер учаскелерін, сондай-ақ түрлі салықтық жеңілдіктерді ұсынады. Корея Республикасының инвесторларымен фармацевтика, өндіріс, ауыл шаруашылығы саласында әріптестік орнатып, кәсіпорындар ашуға дайынбыз. Білім саласында да әріптестік орнатылды. Облыста кореялықтардың қатысуымен оқу орны ашылады. Алдағы уақытта бірлескен жобаларды іске асыру бойынша ұсыныстар мен шешімдерді бірлесіп әзірлейміз. Біз өз тарапымыздан «KITA» қауымдастығының құрамындағы компаниялардың Түркістан облысында бизнесті дамыту жөніндегі бастамаларына толық қолдау көрсетуге дайынбыз және ынтымақтастығымыз ұзақ мерзімге жалғасады деп үміттенеміз, – деді Дархан Сатыбалды.

KITA қауымдастығының төрағасы Юн Джин Сик қонақжайлық танытқан өңір басшысына алғысын білдірді.

– Түркістан төрінде өзіңізбен кездесіп отырғаныма қуаныштымын. KITA қауымдастығы туралы айта кетсем, бұл – Оңтүстік Кореядағы ең таңдаулы әрі алпауыт кәсіпорындар мен бизнес құрылымдардың басын біріктіріп отырған қауымдастық. Орта және шағын бизнестегі кәсіпкерлер де бізге тіркелген. Біз оларға Түркістан облысының инвестициялық әлеуеті туралы мағлұмат береміз. Алдағы уақытта Корея Республикасы мен Қазақстан Республикасының Президенттері кездеседі. Сол іссапарда елімізден ірі кәсіпкерлер келеді. Инвесторлардың қазақстандық бизнес өкілдерімен, өңірлерімен әріптестік орнатуына тікелей атсалысамын. Оның ішінде Түркістан облысы да негізгі қатарда. Жаңа жобалардың жүзеге асуына, тиімді келісімдер жасалуына қолдан келген мүмкіндіктің бәрін қарастырамыз. Түркістан облысымен тиімді байланыс орнатып, жұмыс істейміз деген ойдамын, – деді KITA қауымдастығының төрағасы.

Кездесуде Түркістан облысында жүзеге асырылуы мүмкін жобалар талқыланып, әріптестікті нығайта түсу жөнінде келісім жасалды.

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Оқылып жатыр

16 жастағы қыздың жыныс мүшесіне таяқ тығып қорлаған әйелдің бірі әкімдікте істеген

«Туған анасын осылай сыйлады ма екен?»: Жанар Айжанованың күйеу баласы мен қызының әрекеті қызу талқыға түсті

Түркістан: Кентауда жұмысшы мамандарды даярлайтын бірегей оқу орны бар

16 қыркүйектен бастап Қазақстанда некеге мәжбүрлегені үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіледі

Атырауда ҰҚК қызметкері ірі көлемді есірткімен ұсталды

«Зина көбейіп кетті»: Түркістанда облысында төрт балалы әке әйелін балғамен ұрып өлтіріп, артынша өзіне қол салған

Соңғы жазбалар

16 жастағы қыздың жыныс мүшесіне таяқ тығып қорлаған әйелдің бірі әкімдікте істеген

16 Қыркүйек, 2025

«Қайрат әркімге жабысып тасжүрек қылды»: жастық өмірін Айдарбековтар әулетіне берген Жұлдыздың өмірі талқыға түсті

16 Қыркүйек, 2025

«Туған анасын осылай сыйлады ма екен?»: Жанар Айжанованың күйеу баласы мен қызының әрекеті қызу талқыға түсті

16 Қыркүйек, 2025

Түркістан: Кентауда жұмысшы мамандарды даярлайтын бірегей оқу орны бар

16 Қыркүйек, 2025

Тоқаев жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды

16 Қыркүйек, 2025

16 қыркүйектен бастап Қазақстанда некеге мәжбүрлегені үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіледі

16 Қыркүйек, 2025

Атырауда ҰҚК қызметкері ірі көлемді есірткімен ұсталды

16 Қыркүйек, 2025

«Зина көбейіп кетті»: Түркістанда облысында төрт балалы әке әйелін балғамен ұрып өлтіріп, артынша өзіне қол салған

16 Қыркүйек, 2025

Жамбыл облысында 15 жастағы қыз босанды: Күдікке әскери адам ілінді

16 Қыркүйек, 2025

Ұлттық госпитальде ем алып жатқан Сара Назарбаеваның жағдайы белгілі болды

16 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.