Бас прокуратура Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтадағы жарылысқа қатысты тергеу барысын айтты, — деп хабарлайды Todayinfo Tengrinews.kz –ке сілтеме жасап.
«46 кеншінің өмірін қиған Костенко шахтасындағы жарылыстарға қатысты тергеу аяқталып жатыр. Шахтаның 9 лауазымды адамы күдікті деп танылып, қамауға алынды», — деп хабарлады ведомство.
Айта кетейік, бұған дейін көмір өндіру кезінде қауіпсіздік шараларын сақтамаған деген күдікпен 7 адамның ұсталғаны хабарланған болатын. Еске салайық, 2023 жылғы қазанда Костенко шахтасында апат болған еді.
фото: ашық дереккөзден
Todayinfo.kz