Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Ұлытау облысында Президент Жолдауын жүзеге асыру мәселелері талқыланды

23 Қазан, 2025

Батыс Қазақстанда ұшқышсыз ұшатын аппарат құлады

23 Қазан, 2025

МӘМС 1 триллион теңгені депозитте «тұздап» отыр: Депутат ауруханалардағы қаржы тапшылығын сынады

23 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Ұлытау облысында Президент Жолдауын жүзеге асыру мәселелері талқыланды
  • Батыс Қазақстанда ұшқышсыз ұшатын аппарат құлады
  • МӘМС 1 триллион теңгені депозитте «тұздап» отыр: Депутат ауруханалардағы қаржы тапшылығын сынады
  • Жетісу облысында «Талдықорған-Үшарал» магистралды газ құбырының құрылысы аяқталды
  • Түркістан қаласындағы «Парасат» саябағы жаңғыртудан өтті
  • «Уақытша ұстау изоляторына ұқсайды»: Семейдегі «Қазпошта» бөлімшесі сынға қалды
  • Ресей дроны Харьковтағы балалар бақшасын қиратты: 48 бала аман қалды
  • Алматы облысының ұстаздары «Үздік педагог – 2025» республикалық байқауында топ жарды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Бейсенбі, 23 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Күдіктінің бірі бұрынғы полиция қызметкері: Ақмола облысында 56 жастағы екі еркек 12 жастағы қызды зорлап келген

23 Қазан, 2025 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Фото: freepik

Ақмола облысында елуден асқан екі еркек 12 жастағы жасөспірім қызды зорлап келген. Полиция тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Todayinfo.kz  ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желіде күдіктілердің бірі бұрынғы полиция қызметкері болғаны туралы ақпарат тарады.

“Қыздардың анасы жұмыс істеу үшін ауылдан қалаға көшіп кеткен. Бір бөлмелі пәтерді жалға алған. Қыздары ауылда қалған. Демалыста үнемі анасына келіп тұрған. Пәтер иесі — 1967 жылы туған күдікті ер адам, бұрынғы полиция қызметкері. Ол 12 жастағы жасөспіріммен сөйлесіп, оның сеніміне кірген. Ол қызды алдап орманға алып барып, сонда зорлаған. Онымен қоймай, қызды “бұл туралы біреуге айтсаң бүкіл қала білетінін және бұл әрекетін үлкен әпкесінежасайтынын” айтып қорқытқан. 2024 жылдың жазында ол қызды балмұздақ сатып жүрген жерінен базарда көріп қалған. Ер адам әңгіме бастап, кейін оның телефон нөмірін сұрап алған. Кейінірек оған ақша беріп, бірреттік электронды темекелер (вейптер) сатып әперіп жүрген. Күдікті қызды бірнеше рет зорлаған. Кейін бұл туралы 1968 жылғы көршісіне де айтып, қызды “пайдалануға” болатын жеткізген. Екінші ер адам да қызды зорлаған. Қыздың әпкесі жасөспірімге ересек ер адамның ашық хаттар жазып жүргенін кездейсоқ көріп қалған. Осылайша, бәрі әшкере болды”, – деп жазды “Не молчи” қоры.

Болған жағдайдан кейін қыз тұйықталып, психологқа өзін “лас” әрі кінәлі сезінетінін айтып берген. Сондай-ақ ол полицияда бір нәрсені қайта-қайта — күніне 15–20 рет айтып шаршаған.

Онымен қоймай, күдіктілер істі тоқтату үшін қыздың отбасына ақша ұсынған.

Сонымен қатар “Не молчи” қоры бір күдіктіге қатысты қылмыстық істің тоқтатылғанын айтып, дабыл қақты.

“Ал екінші күдікті бойынша іс алғашында қылмыстық кодекстің122-бабы (16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынасқа түсу немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау) бойынша қозғалған еді. Алайда кейін тергеу іс-әрекеттері қайта сараланып, бап 121-1-бапқа (16 жасқа толмаған тұлғаға қатысты сексуалдық сипаттағы қылмыстық қудалау) өзгертілген. Бұл бап бойынша жаза: түзеу жұмыстары, айыппұл немесе 50 тәулікке дейінгі мерзімге қамау түрінде көзделген. Іс 2025 жылдың наурыз айында Бурабай ауданының полиция бөлімінде тіркелген. Алайда осы кезден бастап қылмыстық іс тоқтатылған. Ал екінші күдіктіге қатысты іс қылмыстық теріс қылық ретінде қарастырылып отыр”, – делінген жазбада.

Жәбірленуші қыздың ата-анасы мен олардың адвокаты 2025 жылдың шілде айында Ақмола облысының прокурорымен кездесіп, ол істі міндетті түрде сотқа жеткізуге уәде берген. Бірақ заң өкілінің айтуынша, Ақмола облысының полициясы бұл істі сотқа жібермей, тергеуді созып, өз әрекетімен не әрекетсіздігімен кінәлілерді жауапкершіліктен құтқаруға тырысып жатыр.

Бұл іске қатысты Ақмола облысы полиция департаменті пікір білдіріп, қазір тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

“Щучинск қаласының тұрғыны 15 жастағы қызының зорланғанын айтып, шағымданды. Кейін Бурабай ауданының полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеуді бастап, қажетті тергеу іс-шараларының кешені жүргізілді. Қазір бұл істің тергеуі Ақмола облысы полициясының Тергеу басқармасының өндірісіне берілді. Қосымша тергеу және жедел-іздестіру шаралары барысында Бурабай ауданы полиция бөлімінің бұрын қабылдаған процессуалдық шешімдерінің объективтілігі тексеріледі”, – деп мәлімдеді полиция.

Алайда ведомство қылмыстық іс бойынша күдіктілердің құқық қорғау органдарына қатысы бар деген ақпаратты жоққа шығарды.

“Тергеу облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында тұр. Қорытынды процессуалдық шешімдер прокуратурамен келісілгеннен кейін қабылданады. Полиция департаменті жалған ақпарат таратудан бас тартуға шақырады және мұндай әрекеттер әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін екенін ескертеді”, – делінген хабарламада.

Оқылып жатыр

Батыс Қазақстанда ұшқышсыз ұшатын аппарат құлады

«Уақытша ұстау изоляторына ұқсайды»: Семейдегі «Қазпошта» бөлімшесі сынға қалды

Шұғыл! Алматыда жер сілкінді

«Кімге керек сол үйренсін»: Желіде қазақ тілінің түкке де керегі жоғын айтқан бойжеткен сынға қалды (ВИДЕО)

Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апатынан 12 адамның өмірі қиылды

«Батыста қатты жаңбыр, шығыста тұман»: Бүгін ел аумағында күн райы қалай құбылады

Соңғы жазбалар

Ұлытау облысында Президент Жолдауын жүзеге асыру мәселелері талқыланды

23 Қазан, 2025

Батыс Қазақстанда ұшқышсыз ұшатын аппарат құлады

23 Қазан, 2025

МӘМС 1 триллион теңгені депозитте «тұздап» отыр: Депутат ауруханалардағы қаржы тапшылығын сынады

23 Қазан, 2025

Жетісу облысында «Талдықорған-Үшарал» магистралды газ құбырының құрылысы аяқталды

23 Қазан, 2025

Түркістан қаласындағы «Парасат» саябағы жаңғыртудан өтті

23 Қазан, 2025

«Уақытша ұстау изоляторына ұқсайды»: Семейдегі «Қазпошта» бөлімшесі сынға қалды

23 Қазан, 2025

Ресей дроны Харьковтағы балалар бақшасын қиратты: 48 бала аман қалды

23 Қазан, 2025

Алматы облысының ұстаздары «Үздік педагог – 2025» республикалық байқауында топ жарды

23 Қазан, 2025

Қарағанды облысында жаңа үлгідегі тағы бір мектеп ашылды

23 Қазан, 2025

БҚО-ның Бәйтерек ауданында 1200 орындық “Келешек мектебі” қолданысқа берілді

23 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.