Фото: коллаж Todayinfo.kz
Ет зергері, ұлттық құндылықтарды дәріптеуші Саяхат Әсімхан қазақта күйеу балаға төс тарту деген жоқ екенін айтты, деп хабарлайды Todayinfo.kz агенттігі.
Бұл туралы ол журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында айтты.
”Күйеу балаға төс тарту қазақтың менталитетіне жат. Ол көкіген сөз. Ол қазақтың дәстүріне өте жат дүние. Қыз бен күйеу балаға асықты жілік беріледі. Оған бөлек төс тарту деген жоқ. Жігіт асықты жілікті мұжып жеп, асығын алып кетіп қалады. Асығың көп, ұрпағың көп болсын деген ол нағашы жұрттың тілегі”, — деді ет зергері.
Желі оқырмандары ет зергерінің пікірімен келіспей, оны сынға алды.
”Не айтып отыр? Бала кезімізден төс тартөанды көріп келеміз”, “Төс күйеу балаға, құйымшақ қыз балаға. Бала кезімізден көріп келе жатқан дәстүр”, “Төсті жесе күйеу бала әлді болады”, — деп жазды желі оқырмандары.