Коллаж: NUR.KZ
Тәжікстанда бұрынғы еңбек мигранты Сухроб өзімен некеге тұрған қалыңдығының пәк еместігін анықтаған соң, оның отбасынан свадьбаға кеткен шығынды қайтаруды талап етті. Алайда сот оның талабын қанағаттандырмай, керісінше, жігіттің өзін айыптады,деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Оқиғаның мән-жайы:
Той 2024 жылдың 20 қыркүйегінде өтті.
Күйеу жігіт той мен қалыңдықтың жасауына 60 мың сомони ($5500) жұмсаған.
Жыныстық қатынасқа түскеннен кейін қалыңдығының пәк еместігін білгенін айтты.
Әйелін сот-медициналық сараптамадан өткізуге мәжбүрледі, бірақ пәктік жоғалту мерзімі анықталмады.
Сот шешімі:
Сухроб әйелінің ата-анасынан шығынды қайтаруды талап етті, бірақ олар тек 50 мың сомони береміз деп уәде еткен, алайда бұл уәде орындалмады.
Қалыңдықтың отбасы керісінше күйеу жігітті жалған ақпарат таратуда айыптап, 10 мың сомони талап етті.
Сот Сухробтың талабын қанағаттандырмай, керісінше оның өзі өтемақы төлеуге міндеттелді.
Бұл оқиға Тәжікстанда үйлену алдындағы дәстүрлі құндылықтар мен заңдық нормалардың қайшылығын көрсетті.